Қарағанды облысы

АЛШЫНБАЙ БИ ҚОРЫМЫ

Алшынбай Тіленшіұлы – Әйтеке, Шаншар елінің басты адамы. 1826-1846 ж. Айбике шаншар болысын басқарған. Арғын ішінде – Қаракесек. Алшынбайдан: Қақабай, Бану, Бәпи, Шәпи, Қосық, Жанығұл, Жүсіп тарайды. Абайдың бәйбішесі Ділдә – Жүсіптің қызы. Патша үкіметінен старшина, поручик шендерін алған. С.Петербургтегі патша сарайында болып, Анна лентасына тағылған алтын медальмен марапатталған.Алшынбай Тіленшіұлы (1784 ж. – XIX ғас. 2-жартысы) – би, шешен, Қаз дауысты Қазыбек бидің шөбересі. Алшынбай би Қарқаралы дуанында Айбике-Шаншар болысын басқарған. Ресей өкіметінен поручик шенін алған. Алшынбай би есімі тарихта сол кездегі ел билеген игі жақсылар Құнанбай, Шалғынбай, Тәттімбет, Шорманның Мұсасы, Баймұрын, Тілеуберді, Қисық, от ауызды, орақ тілді Шөже, Жанақ, Балта ақындармен қатар аталады. Алшынбай бидің немересі Мәди Бәпиұлы. Алшынбай би ел ішіндегі жер, жесір дауын, екі рулы ел арасындағы түйіні қиын мәселелерді әділ шешкен. Ел аузында Абайдың Ділдәні алған соң, Алшынбайға сәлем бере барып, Шұбар айғырдың үйірін сұрағанда, мұны бере алмай, «батамды алсын» деген ұлы атасына «Ондай батасын сатқан шал өзімде де бар» деген өкпелі сөзі қалған. Алшынбай би Бұхар жырау ауданы Үміткер кентінен солтүстік-батысқа қарай тұста жерленген.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button