Қарағанды облысы

БОЛҒАН АНА КҮМБЕЗІ

Орталық Қазақстандағы Алтын Орда кезеңінің ең тамаша көрнекті ескерткіштерінің бірі – Болған-Ана кесенесі. Аңыз бойынша Болған ананы Алашаханның келіні деп айтылса , келесі бір аңыздар осы жерде жоңғарлардың пайда болғанына дейін, шамамен XV ғасырдың басында, Болған есімді билеуші әйел болғанын айтады. Ертедегі аңыз бойынша Болған ана жөнінде былай айтылады екен: “Ерте заманда Түркістанда Талмас ата деген әулие кісі өмір сүріпті. Өзі керемет құсбегі екен. Оның бәйбішесі – Болған ана, тоқалының аты – Белең ана, кенже тоқалының аты- Ақбикеш екен дейді. Әулие Талмас ата өте ақылды болғандықтан үш әйелін үш жерге орналастырған екен. Кенже тоқалы Қаратау бойында болса керек, сол жерден ертемен шығып, түсте Сарысудың Белең ана аулына түстеніп, кешке қонаға Ұлытаудағы Болған анаға келеді екен”. Бұл аңызды қазір Жетіқоңыр, Сарысу бойындағы бірен-саран ақсақалдар ғана біледі. Аңыз түбі ақиқат демекші шындығында осы аталған қасиетті қорымдар Сарысу өзені бойын жағалай, одан әрі Бетпақтың даласына ауысады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button