Қарағанды облысы

ЕРДЕН САНДЫБАЙҰЛЫ КЕСЕНЕСІ

Ұлытау өңіріндегі белгілі қайраткер – Ерден Сандыбайұлы 1808 жылы туып, 1863 жылы 55 жасында өмірден өткен. Ерденнің тарихи тұлғасы тек қана оның өз заманында белгілі рубасы, аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермеген би, сонымен қатар Атбасар дуанының аға сұлтаны болған. Айрықша назар аударарлық мәселе – оның арғы ата-тегінің тұлпар мініп, ту толқытып шыққан, халқым деп қабырғасы қайысқан ерлер екендігі. Ерден Сандыбайұлы кесенесі Бозтұмсық ауылына жақын жерде Қаракеңгір өзенінің және Қарағансай өзенінің құйылысында орналасқан.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button