Қарағанды облысы

ЖЕКЕЖАЛ ҚЫСТАҒЫ (ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ ТУҒАН ЖЕРІ)

Жекежал қыстағы XIX ғ. екінші жартысы.Жекежал қыстағы – Ақтоғай ауданында 1866 жылы Желтау тауының бауырындағы Жекежал деген жерде (Қасым Қорасы деп те аталады), Алаш партиясының төрағасы Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның туған жері. Қыстақтың қасында суы тұщы бұлақ бар. Семейден, Омбыдан елге келіп-кетіп жүргенде Әлиханның басына шығып, төңіректі шалып отыратын алып қара тас та осы қыстауда. Тастан қаланған қыстақтың орны 300 м 2 жерді алып жатыр. Бес бөлмелі құрылыстың ірге тастары сақталған. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алашорда үкіметін құрушы Әлихан Бөкейхановтың кіндік қаны тамған Жекежал қыстағы қалпына келтірілді. Ал Орталық Қазақстан ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары туған жерден топырақ бұйырмаған ұлт көсемінің зиратын тауып, басына құлыптас орнатып қайтты. Арқаның Ақтоғай өңіріндегі бұл тарихи мекен бүгінде мемлекет қорғауына алынған. Археологтар ескі жұрттың орнын тазартып, екі бөлмелі баспана мен оған іргелес орналасқан қора-қопсыны қалпына келтірді.

Басқа материалдар

Back to top button