Қарағанды облысы

ЖЕЛТАУ ПЕТРОГЛИФТЕРІ

Желтау петроглифтері Ақтоғай ауданы, Тоқырау өзенінен солтүстіктен-оңтүстікке қарай орналасқан. Желтаудың жақпар тастары тұнған тарих. Желтау өңірі қоғам қайраткері, ғалым Ә.Бөкейхановтың мекені болған. Ескерткіш мемлекет қорғауында. Орталық Қазақстан ізтастары (петроглифтерінің) ең жиі кездесетін аудандарының бірі осы Ақтоғай ауданы болып табылады. Алғашқы адамдар тас бетіндегі бейнелерді ерекше бір сыры бар жазу деп түсінген. Көне заманға тән жартастағы суреттер ғалымдардың тұжырымдауынша бірнеше дәуірге бөлініп қаралады. Палеолит дәуіріне тән суреттер көлем жағынан, сол кездегі аң денесіне еліктеген, үлкен болған. Ірі және антроморфты адам тәрізді бейнелер кейінгі неолит дәуіріне жатады. Бұл шатқалдың таңбалы тастары зерттеушілердің назарын қызықты, әдеттегіден тыс көптеген бейнелерге аударды. Суреттер тегіс тау етегінде және шың басында орналасқан. Сызба бойынша салынған “жабайы құландар табынының, өгіздердің, жылқылардың, адамдардың, жеке алғанда тау ешкілерінің, жылқылардың, адамдардың” бейнелерін білдіреді. Желтау петроглифтерін зерттеушілер, бұл жердің негізгі сюжеті адам және жылқы болып табылады. Әсіресе тау ешкілерінің бейнелері басым.

Басқа материалдар

Back to top button