Қарағанды облысы

ҚАРАҒАШ ОРМАНДАРЫ

Қарағаш ормандары Жаңаарқа ауданының солтүстік – батысында, Терісбұтақ өзенінің бастауының оң жағалауында орналасқан. Жаңаарқа ауданында 1980 жылы Қарағаш зоологиялық арнайы қорығы құрылды. Аумағы 6,8 мың шаршы шақырым. Жаңаарқа жерінің топырағы мен ауа райына сәкес келетін, егіс даласын қорғайтын ағаштар өседі, оны 5-12 қатар қылып отырғызып отырған. Қараағаш – нағыз Қазақстанға қажетті, біздің климаттың ерекшеліктеріне әбден бейімделген ағаш. Шөлге шыдамды, топырақ талғамайды. Өте төзімді. Үлкен жапырақты, 76 ұсақ жапырақты түрлері бар.Қараағашты таза орман ретінде егіп өсіруге де мүмкіндік бар. Оны жапалақ бағы деуге де болады. Жапалақ бейсауат ешкім кірмейтін, тығыз орналасқан ағаштарға ұя салады. Бұл құс бидай өсетін жерлерге тышқан жолатпайды. Ағаш отырғызу мұнда 1948 жылдан басталған. Қарағаш қорығында облыс жерінде кездесетін жалғыз ғана батпақты ландшафт бар, аумағы. Мұнда жергілікті табиғатқа тән емес, орманды табиғи зонада кездесетін өсімдіктер мен құстар, жәндіктер түрлері кездеседі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button