Қарағанды облысы

ТӘТТІМБЕТ ҚАЗАНҒАПҰЛЫ КЕСЕНЕСІ

Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1860 жж.) – қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туған күйші-композитор, домбырашы, шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі, халық күй өнерінің классигі. Тәттімбет 1855 жылы батыс Сібір қырғыздары (қазақ) делегациясының ІІ Александр патшаның қабылдауында болады. Осы қабылдауда бірнеше күй орындайды. Тәтімбеттің жүрегінен жарып шыққан «Былқылдақ», «Шайырқалды», «Сарыөзен»,«Алшағыр»,«Көкейкесті»,«Саржайлауының» әрқайсысының шығу тегу, өзіндік орындалар мәні бар. Бұл күйлердің барлығы да Сарыарқаға арналған. Атақты күйші 1862 жылы 47 жасына қараған шағында өмірден өтеді. Қарқаралы өлкесіндегі Түндік өзенінің бойында орналасқан Бабалы мен Арқалық тауларының ортасындағы алқапта жерленген. Бұл зират оның әкесі Қазанғапқа арналып салынған. Зират ішіндегі үш бесікшенің бірінде Қазанғап, екіншісінде оның бәйбішесі, Тәттімбеттің анасы Қалайы, үшіншісінде Тәттімбет жатыр. 1984 жылы Егіндібұлақ селосындағы өлкетану мұражайының алдындағы орталық алаңда ескерткіш орнатылды. Этнограф ғалым, жазушы, өнертанушы Ақселеу Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» атты энциклопедиялық еңбегінде Тәттімбеттің өмірі мен шығармашылық мұрасы туралы терең мағлұмат береді. Тәттімбетті қазақ қоңыр күйлерінің дәстүрін қалыптастырып, тұтас бір күйшілік мектептің орнығуына мұрындық болған ұлы күйші ретінде бағалайды.

Басқа материалдар

Back to top button