Мақала Редакция таңдауы

Неке қию дәстүрі туралы не білеміз?

«Неке қию» — отбасын құрудың негізі. Бұл дәстүр жігіт қалыңдығын өз үйіне алып келіп, «беташар» салты өткеннен соң жасалады.

Байырғы кезде қалыңдықты әйелдер мен жас қыздар қарсы алып, ат үстінен немесе әдемі көркемделген күймеден жерге түсуге көмектеседі.

Ал қалыңдық оларға өз киіміне түйрелген түрлі әшекейлерді сыйлаған. Бұндай сыйлықтар арқылы ару жас қыздарға өз бақытын тезірек табуларын тілейді. Содан соң қалыңдық қасындағы жеңгесімен ауыл сыртында әдейі тігілген қонақ үйде шамалы уақыт демалған. Сол киіз үйде қалыңдық күйеу жігіттің туыстарымен қонып, оларға «қойын ұйықтар» кәдесыйын беретін. Осылайша, келесі күні күйеу жігіттің ауылына барған.

Бұл дәстүрді атқару үшін арнайы бір адам шақырылған. Әдетте «неке қию» дәстүріне қатысуға құрметті кісілер жиналады. Олардың қатарында қалыңдықтың туыстары да бар. Үш жігіт куәгерлікке іріктелетін. Екеуі күйеу жақтан, біреуі қалыңдық жағынан болады.

Бұрын әдемі оюлы кесеге су құйылып, жебе салынған. Қалыңдықтың анасы кесеге күміс жүзік пен сырға салса, басқалары теңге салған. Кесе ақ матаның үстіне қойылған. Дұға оқылып болғаннан кейін ортада тұрған жігіт кесені қолына алады. Куәгерлер өлеңдетіп, жастардың алдына барып олардың некеге тұруға деген келісімін сұрайды. Жастар келісімін берген соң кеседегі судан ұрттайды. Ендігі кезекте кеседегі судан күйеу жігіттің әкесі мен бас құда немесе құдағи ауыз тиеді. Осы сәттен бастап жастар қосылған болып есептеледі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button