Жаңалық Редакция таңдауы

Оқушылар арасында тегін білім беру марафоны басталды

Jusan Invest ESG саясаты аясында онлайн білім беру марафонын іске қосты.

Қазақстанның әр аймағында оқитын 15 мың жоғары сынып оқушысы қатысатын жоба Jusan Academy платформасында жүзеге асады.

Онлайн білім беру платформасынан бөлек, Jusan Invest Қазақстанның барлық облысында 12 сынып оқушыларына арналған қаржылай сауаттылықты арттыратын элективті пән енгізуге атсалысты. Аталған курста мектеп оқушыларына қалай табыс табуға болатынын, инвестиция түрлері, отбасы бюджеті және қаржы алаяқтарынан қорғану жолдары туралы айтылады. Курсты аяқтаған оқушылар қаржылай сауаттылықтың күнделікті өмірде керекті базалық аспектілерін үйреніп шығады.

Jusan Academy-де қаржылай сауаттылықтан басқа жаңадан бастаушыларға, инвестиция саласында базалық білімі барларға және қаржы дағдыларын одан әрі дамытқысы келетін озық инвесторларға арналған курс бар. Курсты сәтті аяқтаған барша қатысушыларға сертификат табысталады. Күн сайын Jusan Academy-де Jusan Invest-тің 1000-нан аса клиенті білім алады.

«Қаржылық сауаттылық – бүгінгі қоғамның өміріне қатысу үшін қажетті дағдылардың бірі. Балалар ерте жастан қаржылық өнімдерді сұрыптап, отбасы бюджетін түсініп, өзінің қаржылық болашағына жауапкершілікпен қарауы керек. Олар мансап пен білім алудың түрлі нұсқалары арасында таңдау жасауға, жинақ шоттары, банк карталары және инвестициялау үшін пайдалануға болатын кез келген бос қаражатты басқаруға көмектесетін дағдыларды дамытуы керек», – дейді Jusan Invest Басқарма Төрағасы Нұрдәулет Айдосов.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button