Мақала Жаңалық Редакция таңдауы

Әлемге әйгілі 7 инноватор

Соңғы бірнеше онжылдықта жеке жетістіктері мен кәсіпорын табысынан да артық мақсаттарға ұмтылған серпінді жаңашыл инноваторлар пайда болғанын көрдік. Олар өз идеяларымен әлемді өзгертті. Әлемге белгілі тұлғалармен танысайық.

Стив Джобс, Apple

Apple корпорациясының негізін қалаушылардың бірі, төрағасы және бас атқарушы директоры болған. Дербес компьютер революциясының харизмалы ізашары ретінде кеңінен танылған. Кәсіпкер 1976 жылы компаниясын гаражда бастаған. 2011 жылы Apple бүкіл әлем бойынша елу мыңнан астам қызметкері бар, сату көлемі 65 млрд долларға тең компания болды. Бұл нарықтағы капитализация бойынша әлемдегі ең ірі, ашық сатылымға шыққан, табысы мен пайдасы бойынша дүниежүзіндегі ең ірі технологиялық компанияға айналды.

Билл Гейтс, Microsoft

Дербес компьютер революциясының ең танымал кәсіпкерлерінің бірі. Microsoft корпорациясының бағдарлама жасау саласындағы бас сәулетшісі. Бағдарламамен қамтамасыз ету, қызмет пен шешім шығару саласындағы әлемдік көшбасшы. Сондай-ақ Microsoft офистік жасақтама нарығында Microsoft Office бағдарламасымен басымдыққа ие болды. 2011 жылы Microsoft корпорациясы 58,5 млрд долларға Skype Communications сервисін сатып алды. Microsoft табысы 536 млрд доллардан асып, 85 ел мен аймақтағы мекемелерінде 55 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Ларри Пейдж бен Сергей Брин, Google

Екеуі бірігіп, 1998 жылы Google Inc. құрды. Бүгінде Google – әлемдегі қаржы жағынан ең табысты және ең инновациялық компаниялардың бірі. Бизнесін Google картасынан Google ұялы телефондарына дейін кеңейтіп, көптеген индустрияларды қамтыды. 30 млрд доллар көлеміндегі табысы арқылы Google әлем бойынша күніне бір миллиардқа жуық іздеу сұранысын және қолданушылар өндірген 24 петабайт деректерін өңдеу үшін әлемдегі data-орталықтарында миллионға жуық серверлер ұстайды.

Опра Уинфри, Harpo, Inc.

Опра Уинфри – жеке ток-шоу шығаратын тарихтағы алғашқы әйел. Уинфри шоу-бағдарламалары арқылы өте танымал (1986 жылдан 2011 жылға дейін ұлттық деңгейде берілген марапаттар) және тарихтағы ең жоғары бағаланған бағдарлама иесі. ХХ ғасырдың ең бай афроамерикалық марапатына және Америка тарихындағы ең үздік қара филантроп атағына ие болды. Кейбір сарапшылардың айтуынша, ең беделді әйелдердің бірі.

Сэм Уолтон, Walmart

1962 жылы Walmart компаниясының негізін қалаушы ретінде танымал болды. Ұстанып келген философиясы – тұтынушыға алуан түрлі өнімдерді төмен бағамен жеткізу. Бүгінгі Walmart –табысы 400 млрд доллардан астам және 600 мыңнан астам қызметкері бар әлемдегі ең ірі корпорация. Walmart әлемнің 15 елінде 55 түрлі атаумен 8500 дүкен ұстайды. Сэм Уолтон 1985 жылдан 1988 жылға дейін Құрама Штаттардағы ең бай адамдардың қатарында болған.

Гордон Мур, Intel

Мур – 1968 жылы әлемдегі ең ірі жартылай өткізгіш чип жасаушы Intel компаниясының негізін қалаушылардың бірі. 2011 жылы Intel корпорациясының нарықтық қаражаты 122,41 млрд доллар болды. Мур – «Мур заңы» арқылы белгілі. 1965 жылы индустрияның компьютерлік чиптерге енгізетін транзистор саны екі жыл сайын екі еселене алатынын болжады. Бұл – саланың негізгі қағидасы.

Пол Орфала, Kinko’s

Пол Орфала Kinko’s көшірме орталығының негізін қалады. Бала күнінде оны балалардың «бұйра бас» деп әзілдегенін компания атауы ретінде қолданды. 2004 жылғы ақпан айында Kinko’s компаниясын FedEx компаниясы 52,4 млрд долларға сатып алды, содан кейінгі атауы FedEx Kinko’s Office and Print Centers ретінде белгілі болды. Қазір Kinko’s – жыл сайын миллиондаған доллар табыс табатын халықаралық танымал баспагер.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button