Жаңалық Редакция таңдауы

Барша түркі жұртына ортақ тіл қандай?

Шет ел тілдерін үйрену айдарының өткен аптасы Француз тіліне арналса, осы аптада Түрік тілімен танысатын боламыз. Бірінші санында жалпы Түрік тілі туралы қысқаша ақпаратқа тоқталсақ.

Түрік тілі  — дүниежүзі бойынша 80-85 миллион адам сөйлейтін тіл, түркі тілдерінің ішіндегі ең көп тарағаны. Түрік тілінде сөйлеушілер негізінен Түркияда шоғырланған, Кипр, Болгария және Шығыс Еуропаның басқа да аймақтарында да тұрады. Батыс Еуропадағы, әсіресе Германиядағы бірнеше миллион иммигрант қауымы да түрікше сөйлейді.

Түрік тілінің басты ерекшеліктері — үндестік заңы және агглютинация. Түрік тіліндегі негізгі сөз тәртібі: SOV (яғни, бастауыш — толықтауыш — баяндауыш). Түрік тілінде екінші жақ есімдіктерінің анайы және сыпайы түрлері қолданылады (яғни сен-сіз бойынша айырмашылық). Түрік тілінде грамматикалық тектер жоқ.

Түрік тілі гагауз және әзери тілдерімен бірге оғыз тілдерінің батыс тобына жатады. Ал оғыз тілдері болса, 30 тірі тілден тұратын және Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Сібірде тараған түркі тілдерінің оңтүстік-батыс тобын құрайды. Түрік тілі және әзери, түрікмен, қашқай және гагауз тілдері сияқты басқа оғыз тілдері бір-біріне түсінікті болып келеді.

Түрік тілі — түрік халқының және шамамен 30 елде тұратын түрік диаспорасының ана тілі. Түркиядағы түрік тілін ана тілі деп білетіндер саны 60-67 миллион шамасында, бұл бүкіл халық санының 90-93%-на тең, ал дүниежүзі бойынша болса түрік тілі 65-73 миллион адамның ана тілі болып табылады. Түрік тілін ана тілі немесе екінші тіл ретінде Түркияның барлық дерлік азаматтары сөйлей алады, қалған бөлігі күрд тілінде сөйлейтіндердің үлесіне тиеді.

Түрік тілі –  Түркияның ресми тілі және Кипрдің ресми тілдерінің бірі. Ол Косоводағы Призрен аймағында ресми статусқа ие. Солтүстік Македониядағы бірнеше қалалық аумақтарда да түрік тілді жұртшылықтың шоғырлануы бойынша ресми статусқа ие.

Тәжірибе бойынша түрік тілін үйренудің 5 оңай жолы бар:

  1. Түрік сериалдарын қарау. Адам ақпараттың 10% есту арқылы алады. Түрікше, аудармасыз сериалдар қарау арқылы жалпы қолданыстағы сөздердің 50%-ын үйренуге болады.
  2. Сөздікті жаттау оңай. Кез келген тілді үйрену барысында сөздік қорды жаңа сөздермен толықтырған жөн. Алайда сөздікте қатар тұрған сөздерді жаттау іш пыстырарлықтай көрінеді. Әрі бұл жол тиімсіз.
  3. Практика жасау. Үйренген жаңа сөздерді міндетті түрде практикада қолданған жөн. Себебі сөздерді күн сайын қолданбағандықтан сөз ұмытыла бастайды.
  4. Түрікше ән шырқаңыз. Ютубтан караоке қосып түрік тілінде ән айтып көріңіз. Сол арқылы сөздерді дұрыс айтуды үйренесіз.
  5. Жоспар құрыңыз. Аптаның барлық күнінде түрік тілін үйреніңіз. Күн сайын қанша сөз, қандай граматиканы үйренетіңізді алдын ала жоспарлап, қағазға жазған жөн.

Осындай қарапайым ғана тәсілдермен түрік тілінің алғашқы деңгейлерін үйренуге болады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button