ЖаңалықРедакция таңдауы

Сәлемдесудің іскерлік ережелерін білесіз бе?

Бұрынғы уақытта іскер азамат серіктеспен араға адам салмай танысу мүмкін емес болатын. Бұл тіпті әдепсіздік саналған. Қазір жағдай мүлдем өзгеше, танысудың түрлі тәсілдері пайда болды. Танысу мәдениеті түрлі ортаға қарай өзгеретіндігін ескере отырып, бүгін біз сіздерге танысудың іскерлік ережелерін ұсынатын боламыз.

«Сәлем сөздің анасы» алдымен осыдан бастайық, жұрт арасында «Сәлеметсіз бе!» деп амандасу кеңінен таралған. Ал, «Қайырлы таң», «Қайырлы күн», «Қайырлы кеш» деп айтуды ұйғарсаңыз, уақыттың сәйкес келуін ұмытпаңыз.

Әдетте түскі 12.00-ге дейін «Қайырлы таң» деп айту қате емес, «Қайырлы күн» деп ымырт үйірілгенше, яғни сағат 18.00-ге дейін айтылады. Содан кейін ғана «Қайырлы кеш» деуге болады.

Шын мәнісінде кездесулер қол алысусыз өтпейді. Қол алысу дәстүрге айналған әдет. Көне салттың мағынасына үнілсек, адам оң қолын беру арқылы қолында қару-жарақтың жоқтығын білдіреді. Сізге өзге адам таныстырылса, онда сіз бірінші болып қолыңызды ұсынғаныңыз жөн.

Әдептілік ережелері бойынша оң қолды берудің маңызы зор. Ал енді түшкірген немесе жөтелген кезде оған жол берілмейді. Әйел адам сөмкесін сол иығына асуы керек, фуршет барысында сусын құйылған вокалды сол алақанға ұстаған жөн. Сонда оң қолыңыз амандасуға бос болады.

Әйел адамның қолғабы жүн немесе теріден жасалмаған жағдайда, қол алысу кезінде оны шешудің қажеті жоқ. Ер адамдар да қолғабын шешпесе болады. Алайда, амандасатын адам шешкен жағдайда соның әрекетін қайталағаныңыз абзал. Қос қолғапты да шешу артық емес, алайда ТМД мен батыс елдерінде адамға амандасу дәстүрі бойынша барлық жерде бұлай жасау орынсыз.

Танысудың ресми заңдылықтарына сәйкес ханымдарды бірінші болып ешқашан таныстырмайды, керісінше әйел адамға ер адам таныстырылады. Бірақ бұл тәртіпке бүгінгі заманда бизнес өз өзгерістерін енгізді. Қазір таныстыру мәдениетінде жыныстық ерекшеліктер екінші қатарға ысырылған. Адамның қызметтік дәрежесі алдынғы орында.

Іскери ортада кабинетке кірген қызметкерді егер оның лауазымы жоғары болса тұрып қарсы алады. Түскі асқа немесе іскерлік кездесуге кешіккен жағдайда жиі кездесетін келесі қателіктерді қаперге алыңыз: алдымен өз достарыңыз бен бұрыннан білетін адамдармен амандық сұрасып, өзгелерді назарға алмаудан сақ болыңыз. Ондай жағдайда үйдің иесі немесе кездесуге ұйытқы болған адам сізді баршаға таныстырып, содан кейін барып бос орынға жайғастыруы керек.

Мемлекеттік мәртебесі немесе әскери, дипломатиялық, діни атақтары бар адамдарға сөз арнаған кезде әдетте есімін атамайды. Этикет бойынша кейде адамның мәртебесін асырып сөйлеуге рұқсат беріледі.

Іскер азаматтардың пікірінше адамның қаржылай табысының 15 пайызы оның кәсіби біліктігіне, ал қалған 85 пайызы өзгелермен тіл табыса алуымен тікелей байланысты. Сол себепті танысыңызды көшеде кездестіріп қалсаңыз оның саулығын сұрауға асық болыңыз. Бұл сіздің имиджіңізге оң әсерін тигізеді.

Естеріңізге сала кетейік, айдарымыздың өткен санында отбасы этикеті туралы жазған болатынбыз.

Басқа материалдар

Back to top button