Жаңалық Редакция таңдауы

«7-20-25» бағдарламасы бойынша қанша қаражат игерілмеді?

Елімізде «7-20-25» тұрғын үй ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыру жалғасып жатыр. Ипотекалық бағдарлама триллион теңге шегіне жеткенше жұмыс істейді. Бұл туралы «Қазақстанның тұрақты даму қоры» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

18 сәуірдегі жағдай бойынша, 1 триллион теңгенің 534 миллиард теңгесі берілген.

«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша жоспарланған әлі 466 миллиард теңге резерв бар», – делінген хабарламада.

Қор бағдарлама аясында несиелер тек бастапқы нарықта жаңа, пайдалануға берілген тұрғын үйді сатып алуға берілетінін еске салды.

«Барлық ипотекалық несиенің басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында берілген – 14 232, сомасы – 212,3 миллиард теңге. Алматыда – 127,5 миллиард теңгеге 8 912 несие, Шымкентте 33 миллиард теңгеге 2 843 несие берілді», – деді баспасөз қызметі өкілдері.

Ипотекалық бағдарлама шарттарында баға шегі белгіленген: сатып алынатын баспана Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларында 25 миллион теңгеден аспауы керек. Қарағандыда жылжымайтын мүлік бағасы 20 миллион теңгеден, басқа аймақтарда 15 миллион теңгеден аспауы керек.

«7-20-25 бағдарламасы халықтың барлық санатына арналған. Жеке баспанасы жоқ, басқа ипотекалық несиелері жоқ, еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен ресми түрде расталған кірісі бар кез келген ел азаматы ипотека ала алады», – деді қордағылар.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button