Жаңалық Редакция таңдауы

Онлайн сауда жасаудағы 5 лайфхак

Әлемдік пандемия онлайн сауданың дамуына серпін берді. Карантин кезінде қолма-қол ақшасыз төлемнің үлесі ұлғайды. Әсіресе дәрі-дәрмек, тұрмыстық заттар және азық-түлік саудасының өсімі байқалды.

Онлайн сауданың үлесі 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 435 миллиард теңгеге жеткен. Ал былтыр жыл соңында бұл көрсеткіш шамамен 900 млрд теңге болды. Ал, 2022 жылы 1.9 трлн теңгеге жетеді деген болжам бар. Онлайн саудаға сұраныс артқан сайын алаяқтардың да қатары көбеюде, сол себепті назарларыңызға сауда жасауда қажет болатын 5 лайфхакты ұсынамыз.

Ең бірінші, пікірлерді оқып шығыңыз. Пікірлер арасында өнім туралы сапалы ма әлде жоқ па міндетті түрде жазылады. Егер жағымды пікірлер көп жазылса, демек өнім сапасы жақсы екені анық.

Екінші, киімге немесе аяқ киімге тапсырыс бермей тұрып аяғыңыздың ұзындығы мен иық арасындағы қашықтықты өлшеп алыңыз. Және тауарды осы параметрлер бойынша іздеңіз. Себебі, кей кезде көрсетілген өлшеммен тауар келгендегі өлшем мүлде басқа болып шығады.

Үшінші, онлайн сауда кезінде сатушының рейтингісі мен тауарға жазылған пікірлерге назар аударыңыз. Егер бір-біріне сәйкес келмесе бұл дүкеннен алмағаныңыз жөн. Дәл осы тұста мұқият болғаныңыз абзал.

Төртінші, тауарды кілт сөз бойынша ағылшын тілінде іздеген дұрыс. Себебі сатушылардың көп бөлігі ағылшын тілін қолданады. Сапасы мықты тауарлар көбіне ағылшын тілінде іздегенде шығады.

Бесінші, егер сізге бірнеше зат алу қажет болса бір дүкеннен қараңыз. Затты көп алған сайын жеңілдіктер қарастырылады.

Сонымен қатар, жеткізу қызметін мұқият оқып шығыңыз. Кейде тауар қымбат болғанымен жеткізу тегін болады. Жеткізу қызметіне ұшақты таңдаған дұрыс. Және тауар сізге белгілі бір күнге қажет болса бірнеше ай бұрын тапсырыс бергеніңіз абзал.

Сондай-ақ, тауарды кері қайтару шарттарын да біліп алу артықтық етпейді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button