Жаңалық Редакция таңдауы

Зергерлік бұйымдарды таңдау және тағу ережелері

Бүгінде зергерлік бұйымдардың сан алуандығы кез-келген әйел адамның көңілінен шығады. Сол әшекейлерді таңдауды дұрыс жасау үшін бірқатар ережені естен шығармаған жөн. Бүгін «Әдеп ережелері» айдарында зергерлік бұйымдарды таңдап және тағу жайында айтамыз.

Зергерлік бұйымдар күндізгі және кешкі болып бөлінеді. Күндізгіге 17:00-ге дейінгі тағылатындар саналады. Одан кейін тек кешкі әшекейлер тағылады. Олар уақытқа ғана емес, баратын шараға байланысты да таңдалады. Іскерлік кездесулер көбіне күндізгі уақытта өтеді. Бұл келіссөз немесе мерекелік жиын болуы мүмкін, соған байланысты бұйымдар тағасыз. Бұл ереже ерлерге де, әйелдерге де ортақ. Мамандардың айтуынша, зергерлік бұйымдардың ішінде ең жиі сатылатыны сақина екен.

Зергерлік бұйымдар киімнің түсі мен түріне қарай тағылады. Кешкі көйлек, іскерлік костюм, күнделікті киім болса да таққан әшекейлеріңізбен сәйкес келгені абзал. Мысалы, күлгін тасты көк және көгілдір киіммен киюге болмайды. Ал, лағыл қызыл көйлек пен көк, көгілдер немесе жасыл киіммен сәйкестенбейді.

Ақ және сары металл түрлерін бірге тағуға болмайды деген пікірді жиі естуге болады, бірақ, бұл қате. Мәселен, алтын немесе платина, сары және ақ алтын бір бұйымда кездеседі. Мысалға ол сақина не білезік болуы мүмкін. Бірақ, алтын сақина мен күміс сағатты бірге тағуға болмайды. Ол талғамсыздықтың белгісі.

Зергерлік бұйымдардың көлемін шектеңіз, үстіңізге тым көп әшекей тақпаңыз. Бұл әдепсіздік болып саналады. Күнделікті өмірде тек үш әшекей бұйымды ғана тағуға болады, неке сақинасы да соның ішіне кіреді. Іскерлік кездесуге түрлі нышандар бейнеленген әшекейлер тақпаңыз. Жұлдыз жорамал белгілері, атыңыз жазылған немесе жүрек пішінді бұйымдарды іскерлік кездесулерге барарда тақпағаныңыз жөн.

Халықаралық хаттамаларға сәйкес, әйел адамданың үстіндегі зергерлік бұйымдар саны 13-тен аспауы тиіс, түймеде соған  кіреді. Кешке тағылатын бұйым бағасы қымбат болғаны абзал.

Мамандар әйел адамдарға әшекейге қатысты тағы бірнеше кеңес береді. Тана моншақты түймелері көзге көрінбейтін көйлекпен тағу керек, ол сол жақтан тағылады. Оны киімнің жағасына да іліп қоюға болады. Қазір белге тағылатын тана моншақ түрлері де бар.

Этикетке сәйкес білезік оң жақ қолға тағылады. Егер ол таспен безендірілсе онда оны білектен сәл жоғары тағыңыз. Ал, жіппен жасалса білек буынға дейін түсіріп таққан абзал.

Зергерлік бұйымды таққан кезде олардың тым көп болып кетпеуін қадағалап, жоғарыда айтылған ережелерді есте сақтаңыз. Бұл да бір әдеп ережесі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button