ЖаңалықРедакция таңдауы

«Алтын белгіге» үміткер ҰБТ-да төмен балл алса, мектеп басшылығы жауапқа тартылады

Ұлттық бірыңғай тестілеуде нашар нәтиже көрсеткен «Алтын белгіге» үміткер оқушы білім алған мектеп басшылығы жұмыстан шығарылуы да мүмкін. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

«Биыл Алтын белгіге» үміткер оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру нәтижесіне талдау жасалады. Бұл іске ұлттық тестілеу орталығы жауапты. Егер «Алтын белгіге» үмітті талапкер ҰБТ-дан төмен балл алып, шекті балды жинай алмаса, онда мектеп басшылығын жауапкершілікке тартамыз. «Алтын белгіге» үміткерлердің ҰБТ-ны тиісті деңгейде тапсыру мен академиялық адалдық приципі біздің бақылауымызда, – деді Асхат Аймағамбетов министрлікте өткен аппарат жиынында.

Осы орайда министр білім басқармалары мен бөлімдерінің басшыларына аталған мәселені назарға алуды ескертті.

«Ертеңгі күні естімедік, білмедік деген әңгіме болмасын. Осы мәселе бойынша мектептің басшылығы тікелей жауапкершілікке тартылады. Қажет жағдайда жұмыстан шығару әрекетіне дейін барамыз. Соған дайын болыңыздар», – дейді ол.

Сондай-ақ, ведомство басшысы ҰБТ кезінде талапкерлерге тиісті жағдайдың жасалу керектігін еске салды.

Басқа материалдар

Back to top button