ЖаңалықРедакция таңдауы

Балалар жылында «TiJi» кейіпкерлері қазақ тілінде сөйлейді

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров «TiJi» балалар телеарнасының аудиожолағының қазақ тілінде ашылуы бойынша  телеарнаның өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуге М6 Групп телеарналары мен радиостанцияларының халықаралық дистрибьюция жөніндегі директоры, Gulli (Гулли) брендін сату және дамыту директоры Жан-Рене Окутюрье мырза, M6 топ телеарналарының халықаралық дистрибьюциясы директоры, ООО «ЛТИ Восток» бас директоры Мария Жабина-Пантелик, телеарна өкілі, серіктесі, кабельдік байланыс операторлары, сондай-ақ Министрліктің және «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының өкілдері қатысты.

Қоғамдық сананы жаңғырту кезінде мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, қазақ тілін ілгерлету мен байыту, мемлекеттік тілдегі контентті дамыту, отандық тарих пен мәдениетке қызығушылықты арттыру басты мәселелердің бірі.

Осыған байланысты, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекеттік тілді дамыту бойынша  жүйелі жұмыс жүргізуде.  Негізгі бағыттың бірі – балаларға арналған контентті дамыту. Қазақ тіліндегі балаларға арналған қызықты, тартымды, мазмұнды мультфильмдер мемлекеттік тілді үйрену мәселесінде оң нәтиже беретіні анық.

2022 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан тұрғындарына қазақ тілінде «TiJi» телеарнасы көрсетіле бастады. Аталған  жоба ана тілімізді танымал ету мақсатында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты және «M6 Thématique»  француз медиахолдингі бірлесе жүзеге асыруда.

«Мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында мультфильмдер балалар мен жасөспірімдер іскерлік әдебиеттің әлемдік үздік үлгілерін аудару қажет деп санаймыз, бұл тілдік ортаны қалыптастыруға және жастарды қазақ тіліне бейімдеуге мүмкіндік беретіні анық».деді А.Омаров.

Арналарды таңдау кезінде әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелері және балалар арасында таратылатын мультфильмдердің танымалдығы ескерілді.

Бүгін «TiJi» арнасы арнаны қазақ тілінде таратуды іске қосты.

Арнаның 20 елде, 14 тілде хабар тарату тәжирибесі бар.

Бүгінігі күні «Tiji» қазақ тіліндегі аудиожолағы: Алма ТВ, ПРК Фермата, Қайнар Медиа (Талдықорған қ.), Тералайн (Нұр-Сұлтан қ.), ТТК (Теміртау қ.), TV Commerce, Казахтелеком операторларында қолжетімді.

«Осы бай тілді насихаттау мақсатында қазақстандық балалар үшін арна құруға және қазақ балаларына олардың мемлекеттік тілде дамуына ықпал ететін ойын – сауық және білім беру контентін беруге деген бірлескен ықылас осы жоба барысында бізді жігерлендірді»,-деп атап өтті Жан-Рене Окутюрье.

«Өткен жылы телеарна контентін мемлекеттік тілге аудару бойынша жұмыс орындалған болатын, ал биыл Қазақстан аумағында хабар тарату іске қосылды. Бұл іс-шараны біз «Балалар жылына» орайластырдық. Енді біздің балалар өздерінің сүйікті мультфильмдерін қазақ тілінде көретін болады», – деді Қ.Ө. Майгельдинов.

Басқа материалдар

Back to top button