ЖаңалықРедакция таңдауы

«Алматы жастары» бағдарламасына қалай өтініш беруге болады?

«Алматы Жастары» қалалық жеңілдетілген несие беру бағдарламасына өтініштер мен құжаттарды қабылдау 18 мамырдан басталды. Өтініштерді 1 маусымға дейін жіберуге болады.

«Алматы Жастары» қалалық жеңілдетілген несие беру бағдарламасының шарттары:

  • Қарыздың ең жоғары сомасы – 18 млн. теңгеге дейін;
  • Жылдық үстемақы – 5%;
  • Бастапқы жарна – 10%;
  • Алынатын тұрғын үй – бастапқы және қайталама тұрғын үй, немесе «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның кепілдігі болған жағдайда қолданысқа енгізілген/салынып жатқан тұрғын үй – үлестік қатысу;
  • «Отбасы банк» АҚ-ның ішкі құжаттарына сәйкес төлем қабілеттілікті растау;
  • Қамту – 1000 адамнан кем емес.

Өтініш пен құжаттарды беру электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады, оны ХҚКО-нан алуға болады.

«Алматы Жастары» қалалық жеңілдетілген несие беру бағдарламасының талаптары:

  • Қазақстан Республикасының Азаматтығы;
  • Қатысушының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда), өтініш беру кезінде, жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан (бар болса). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
  • Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үйдің болмау керек;
  • Қатысушының Алматы қаласында келесі санаттар бойынша міндетті зейнетақы мөлшерлемесімен кем дегенде соңғы 6 ай ішінде ресми жұмыс өтілінің болуы: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала және құқық қорғау органдары;
  • Қосымша Алматы қаласында тіркелген, бір жылдан кем емес мерзімде әрекет ететін ЖК (бар болса) (аталған талап, мәдениет саласындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған қатысушыларға ғана қатысты)

«Алматы Жастары» қалалық жеңілдетілген несие беру бағдарламасына қатысу үшін қандай құжаттар жинау керек?

  • Үлгі бойынша өтініш. Өтініш үлгісін жүктеу;
  • Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеудің сканерленген куәлігі (балалардың туу, қайтыс болу, неке (ерлі-зайыптылықты) қию, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу);
  • «Электрондық үкімет» веб-порталынан алынған өтініш берушіге және барлық отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамасы;
  • «Электрондық үкімет» веб-порталынан алынған соңғы 1 жылға зейнетақы аударымдары туралы үзінді;
  • Белгіленген үлгідегі ұйымның/мекеменің фирмалық бланкісінде анықтаманың берілген күнін, шығыс нөмерін, жұмысқа тұрған күні мен қызметтік лауазымын көрсетіп берілген жұмыс орнынан анықтамасы. Ресми бланкі болмаған жағдайда, анықтамада ұйымның мөрлері болуы тиіс.
  • Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар;
  • БАҚ-қа есепке қою куәлігі (аталған талап тек журналистер саласының қатысушыларына қатысты);
  • Қосымша (болған жағдайда) Алматы қаласы Мәдениет басқармасынан растайтын анықтамалар (құжаттар) (аталған талап тек қана мәдениет саласындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған қатысушыларға қатысты).

Сондай-ақ қатысушыларда өтініштер мен құжаттарды қабылдаудың барлық мерзіміне тапсырған өтінішті қайта өңдеу, құжаттарды толықтыру мүмкіндігі бар.

Басқа материалдар

Back to top button