Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақ ұғымындағы 3 саны

Жалпы түркі халықтарында, соның ішінде қазақ халқында 3 саны қасиетті саналады. Бұл сан халқымыздың ұлттық болмысына, санасына, салт-дәстүріне әбден сіңген. 3 санына қазақ жайдан жай қарамаған. Бұл сөзімізге «ер кезегі үшке дейін», «үш арсыз», «үш жұрт» т.с.с дәлел бола алады.

Үш саны қытайлардың түсінігінде Марс арқылы басқарылады және жалынға теңеледі. «Өсу» сөзінің синонимі. Пифагорлық ұғымда үш санының негізінде жан-жақтылық пен бірліктің үйлесімділігі қалыптасқан. Көптеген халықтарда үш саны есептеудің соңы деп саналады. Оны толықтың, толудың, аяқталудың символы деп есептейді. Ежелгі Грекияда бұл сан – бақыттың саны. Ежелгі Вавилонда үш құдайға: Күн, Ай, Шолпанға табынатын болған.

Жоғарыда айтылғандай қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, өмірінде үш санының өзіндік мәні бар. Соларға жеке-жеке тоқталып өтсек.

1. Үш жүз
Ұлы жүз. Орта жүз. Кіші жүз.
2. Үш жұрт
Ағайын жұрт. Нағашы жұрт. Қайын жұрт.
3. Үш байлық
Бірінші байлық – денсаулық.
Екінші байлық – ақжаулық.
Үшінші байлық – қорадағы он саулық.
4. Үш би
Төле би. Қаз дауысты Қазыбек би. Әйтеке би.
5. Үш дана
Абай. Шоқан. Ыбырай.
6. Үш арыс
Сәкен. Бейімбет. Ілияс.
7. Үш қат
Жоғары қат (аспан).
Орта қат (жер үсті).
Төменгі қат (жер асты).
8. Үш қуат
Ақыл қуат. Жүрек қуат. Тіл қуат.
9. Үш ғайып
Ажал ғайып. Қонақ ғайып. Несібе ғайып.
10. Үш арсыз
Ұйқы арсыз. Тамақ арсыз. Күлкі арсыз.
11. Үш дауасыз
Мінез. Кәрілік. Ажал.
12. Үш қадірлі
Ырыс. Бақ. Дәулет.
13. Үш қадірсіз
Жастық шақ. Денсаулық. Жақсы жардың (әйел) қадірін білмеу.
14. Үш жамандық
Нақақ қан төгу. Кісі малын нақақ алу. Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
15. Үш жақын
Жан тәтті. Мал тәтті. Жар тәтті.
16. Үш ақиқат
Қымбат – шындық. Арзан – өтірік. Даусыз – кәрілік (Жанқұтты шешен).
17. Үш қуаныш
Алғыс алу. Өзінді көптің іздеуі. Ісіңнің өшпеуі.
18. Үш биік
Билік. 2. Дәулет. 3. Даналық.
19. Үш асыл
Көз. Тіл. Көңіл.
20. Үш артық
Адалдық. Еңбексүйгіштік. Өнерпаздық.
21. Үш ынтық
Еркін өмір. Құрметке бөлену. Пайдалы еңбек ету.
22. Үш тұл
Қайратсыз ашу тұл.
Тұрлаусыз ғашық тұл.
Шәкіртсіз ғалым тұл (Абай).
23. Үш апат
Ғалымдар мен қарттарды сыйламау. Өкіметті сыйламау. Асты ысырап ету.
24. Үш мұрат
Жол мұраты – жету. Дау мұраты – біту. Қыз мұраты – кету.
25. Үш кедейлік
Кежірлік. Еріншектік. Зұлымдық (Абай).
26. Үш бақытсыздық
Жаман ат. Жаман қатын. Жаман көрші.
27. Үш көз
Су анасы – бұлақ. Жол анасы – тұяқ. Сөз анасы – құлақ.
28. Үш тоқтам
Ақыл – арқан, ой – өріс, адам – қазық.
29. Үш қасиет
Өліде – аруақ. Малда – кие. Аста – кепиет.
30. Үш тағылым
Мейірімнен – сауап. Жақсылықтан – шарапат. Жамандықтан – кесапат.
31. Үш тәтті
Жан. Мал. Жар.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button