Жаңалық Редакция таңдауы

Табысты адамдар ұстанатын таңғы 5 әдет

Табысты адамдардың ерте тұратыны жайлы жиі естиміз. Бұл туралы кітаптарда да, мақалаларда да жазылған. Олардың айтуынша, жылдар бойы қалыптастырған таңғы әдеттері сол күннің жақсы өтуіне әсер етеді.

Зерттеулерге сүйенсек, таңертенгі мақсат – ең күшті мақсат.

Алдыңғы түні жоспарланған жоспарларды тексеру

Күнделікті таңертен көп шешім қабылдау керек. Сондақтан да сіз уақытты үнемдеу үшін алдыңғы түні ертеңгі күнге жоспар құрған дұрыс. Содан кейін таңертен тұрғанда сол жоспарларды қайта тексерген абзал.

Ешқашан кейінге қалдырмайды

Барлығымыз таңертен оятқыштың дауысын өшіріп, ары қарай ұйықтай береміз. Кейін кеш оянғанымыз үшін өкінеміз. Бұл уақыт өте келе пайда болатын – барлығымыз бас тартуымыз керек ең жаман әдет. Табысты адамдар оятқыштан бұрын оянады. Олар күн сайын бір уақытта оянып үйренген. Бұл да уақыт өте қалыптасатын әдет.

Оянғанда бірден ұялы телефонды тексермейді

Табысты адамдар телефонды, электронды поштаны немесе әлеуметтік желіні тексермес бұрын жасайтын нәрсесі таңертенгі тыныштықты сезіну немесе күндік жоспарларын қарайды. Кейде ең жақсы идеялар бізге таңертен келеді.

Жаттығу жасау және су ішу

Барлық табысты адамдар таңертен жаттығу жасап, аш қарынға су ішеді. Себебі аш қарынға су ішу денсаулыққа пайдалы.

Төсек жинау

Уильям Х.Магревен: «Егер сіз әлемді өзгерткіңіз келсе, төсегіңізді жинаудан бастаңыз» деген екен. Зерттеулер бойынша, төсек жинау сол күннің нәтижесін жоғарлатады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button