Жаңалық Редакция таңдауы

Халықаралық олимпиада жүлдегерлері университетке ҰБТ тапсырмай түсе алады

Халықаралық олимпиада жүлдегерлері ҰБТ тапсырмай жоғары оқу орындарына грантқа түсе алады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«Халықаралық олимпиадалардың, спорттық және шығармашылық байқаулардың тізбесін бекіту туралы бұйрыққа қол қойдым. Бұл құжат жеңімпаздар мен жүлдегерлерге отандық ЖОО-да бейінді бағытта білім алу үшін гранттар бөлуге мүмкіндік береді», – деп жазды министр Facebook-те.

Ол Президенттің Жолдауда берген тапсырмасы аясында заңнамаға өзгерістер енгізілгенін айтты.

«Енді беделді халықаралық пәндік олимпиадалардың, спорттық жарыстардың және әлемдік деңгейдегі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға бейінді бағыттар бойынша грантқа түсуге мүмкіндік алды», – деді Аймағамбетов.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button