Жаңалық Редакция таңдауы

Exit poll: Қатысушылардың 79,4 пайызы Ата заңға енгізілетін өзгертулерді қолдады

Exit poll нәтижесінде қазақстандықтардың 79,4 пайызы Конституцияға енгізілетін түзетулер мен өзгертулерді қолдап дауыс берді. Бұл жайында «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Татьяна Башарина айтты.

«Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі сайлау учаскелерінің шыға берісінде Exit poll өткізді. Сауалнама алу 375 учаскеде, оның ішінде 225 қалалық және 150 ауылдық референдум учаскесінде жүргізілді. 15 мыңнан адамнан сауалнама алынды. Зерттеу қорытындысының қателігі 2,7 пайызды құрайды. Демократия институты Exit poll бірінші рет өткізіп отырған жоқ. Ол Қазақстанда 2007 жылдан бергі сайлау науқандары кезінде бейімделген әдістеме арқылы жүргізілді», – деді бірлестік директоры КТК телеарнасының тікелей эфирінен.

Оның атап өтуінше, сайлау учаскелерінің шыға берісінде дауыс берушілерге бірлестіктің сауалнама алушылары «Сіз Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдап әлде қарсы дауыс бердіңіз бе?» деген сұрақ қойған. Сонымен қатар сұхбат алушылар дауыс берушілердің белсенділігін де тіркеген.

«Exit poll қорытындысы бойынша референдумға қатысу 66,3 пайызды құрады. Жақтап дауыс бергендер – 79,4, ал қарсы болғандар – 20,6 пайыз», – деді Татьяна Башарина.

Айта кетейік, еліміз бойынша референдумға қатысу мүмкіндігі және құқығы бар азаматтардың тізіміне 11 734 642 адам енгізілді.

8 030 739 азамат бюллетень алды. Бұл – дауыс берушілер тізіміндегі азаматтардың 68,44 пайызы.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button