ЖаңалықРедакция таңдауы

Жұмыс берушілер қандай мамандар іздейді?

HeadHunter Қазақстан командасының зерттеуіне сәйкес, жұмыс берушілер арасында сату бойынша мамандар үлкен сұранысқа ие, ал «заңгер» мамандығы ең төмегі сатыда.

2022 жылдың бірінші жартысында hh.kz сервисінде жұмыс берушілерден 180 мыңнан астам бос жұмыс орны туралы хабарлама орналастырылған. Ең сұранысқа ие мамандардың рейтингісін сату немесе клиенттермен жұмыс істеу жөніндегі менеджерлер бастап тұр. Одан кейін сатушыларға, бухгалтерлерге, web-инженерлерге мен логисттерге сұраныс жоғары. Аутсайдерлердің қатарында сақтандыру агенттері, аспаздар, кітапханашылар, шикізат өндіру бойынша мамандар және адвокаттар бар.

Сонымен қатар, сату менеджері мамандығы сөзсіз көшбасшы. Соңғы бірнеше жыл ішінде ол жетекші орынды ешқандай мамандыққа бермеді.

Айтпақшы, жалақысы 300 мың теңгені құрайтын бос жұмыс орындарының саны бойынша «Сату» саласының мамандарына арналған жұмыс бірінші орында тұр. Бұл көрсеткіш бойынша құрылыс және жылжымайтын мүлік саласының мамандары екінші орында, ал ақпараттық технология, интернет және телеком мамандары үшінші орында.

Сондай-ақ қазақстандық жұмыс іздеушілер арасында толық емес жұмыс күні үшін ең танымал сала – бұл IT. Сату мамандары екінші орында. Үздік үштікке әкімшілік персонал, білім саласы және жұмысшы персоналдар енді.

Басқа материалдар

Back to top button