Жаңалық Редакция таңдауы

Жаңа облыс тұрғындары құжатын қайта рәсімдеуге міндетті ме?

Ұлттық экономика министрлігі жаңадан құрылған облыстардың тұрғындарын тіркеуге қою жұмысына қатысты түсінік берді.

«Егер басқа аумаққа қоныс аударса немесе қайта тіркеліп жатса, онда жаңа мекенжай жазылады. Сонымен қатар, құжатын жоғалтқандар мен куәлігін жаңартып жатқандарға да жаңа мекенжайдың мәліметтері беріледі. Ал қолындағы құжаттарға немесе тұрғылықты жеріне қатысты қайта тіркеудің қажеті жоқ», – деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков.

12 млрд теңге жаңадан құрылған облыстардағы әкімдіктер мен басқармалардың жұмысын ұйымдастыруға қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі, Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі, Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Ал Жетісу облысының әкімі қызметіне Бейбіт Исабаев келді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button