ЖаңалықРедакция таңдауы

Гранттық қаржыландыру конкурсына құжат қабылданып жатыр

Қазақстанда ғылыми коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсы басталды. Бұл туралы Ғылым қоры хабарлады.

Ғылым қоры жанындағы Жобалық дирекциясының директоры Манат Келдібеков кейінгі жылдары елімізде белгілі бір коммерциялық әлеуеті бар перспективалық жобалардың пулы қалыптасқанын жеткізді.

«Біздің қор 2018 жылдан бас­тап ғылыми және ғылыми-тех­никалық нәтижелерді қар­жы­ландыру конкурсын ұйым­дастырып келеді. Осы уақыт ішінде елімізде белгілі бір ком­мерциялық әлеуеті бар перс­пек­тивалық жобалардың пулы қалыптасты. Отандық ғылыми әзірлемелерге негізделген үздік инновациялық тауарлар мен қызметтер мемлекеттік қолдауға ие болып, қаржыландырылады және экспортқа шығарылады. Ғалымдар өз жобаларын жүзе­ге асыру үшін 300 млн теңгеге дейін қаржы ала алады. Сондай-ақ ғылыми жобалар тек Қа­зақ­стан аумағында енгізі­ле­ді», деді М.Келдібеков.

Конкурсты ұйымдастырушы ұйымның мәлімдеуінше, жобалар экономиканың денсаулық сақтау, сапалы білім беру, цифр­лан­дыру, геологиялық барлау, энер­гетикалық кешенді жаң­­­ғырту, өңдеу өнеркәсібі, мұ­най-химия өнеркәсібі, экология, агроөнеркәсіптік кешен, металлургия, металл өңдеу, туризм және т.б. сияқты салаларды қамтиды. Гранттық конкурста ашықтық пен транспаренттілікке бағытталған жаңашылдықтар бар. Коммерцияландыру жөнін­дегі арнайы құрылған ұлттық кеңестің өкілдері қаржы бөлу үшін жобаларды іріктейді. Оның құрамына жетекші ғалым­дар, венчурлық бизнестің, салалар­дың өкілдері, инновация сала­сын­дағы сарапшылар кіреді. Кеңес Үкімет қаулысымен бекі­ті­леді.

Байқау талаптарына сәй­кес жоба 3 жыл ішінде аяқ­талып, сатылымға шығуы керек, ал қоса қаржыландыру грант сомасының кемінде 20%-ын құрауға тиіс. Ко­мандалар құрамында 5 адам­ға дейін қатыса алады.

Өтініштерді қабылдау басталып кетті, бұл 5 шілдеге дейін жүргізіледі. Өтініштерді «Ұлттық мемлекеттік ғылы­ми-техникалық сараптама орта­лығы» АҚ авто­мат­­тан­ды­рылған ақпараттық жү­йесі, яғни www.is.ncste.kz сілтемесі арқылы жіберуге болады. Қажетті құжаттар тізімі Ғылым комитетінің (www.gov.kz/memleket/entities/sc?lang=ru), «Мемлекеттік ұлт­тық ғылыми-техникалық сарап­та­ма орталығы» АҚ (www.ncste.kz/ru/competition) және Ғылым қорының (www.science-fund.kz) веб-сайттарында орна­лас­тырылған.

Басқа материалдар

Back to top button