Жаңалық Редакция таңдауы

Ресей қазақтарының көшбасшысы сайланды

Ресей қазақтарының федералдық ұлттық-мәдени автономиясының жаңа басшысы болып Есенғали Ибраев сайланды, деп хабарлады newsroom.kz

Ол Түмендегі кезектен тыс съезде бес жыл мерзімге сайланды.

Есенғали Ибраев Ресей мен Қазақстан арасындағы серіктестік, достық қатынастарды дамытуға ерекше назар аударатынын айтты.

«Біз түрлі өңірлердегі қазақ ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, Ресейдің ұлттық саясатының міндеттерін шешуде мемлекеттің сенімді серіктесі болуға ұмтыламыз. Сондай-ақ қазақ мәдениетін сақтауға, Ресей мен Қазақстан әріптестігінің дамуына жәрдемдесуге, екі ел бірлігін нығайтуға барымызды саламыз», – деді Е. Ибраев.

Сонымен қатар Ресей президенті әкімшілігінің ішкі саясат жөніндегі ұлттық саясат бөлімінің меңгерушісі Татьяна Вагина Түмен облысында этномәдени секторды дамыту бойынша жаңа жобалар жүзеге асыратындығына сенім білдірді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button