Редакция таңдауы Жаңалық

Ұлытаудың абыройын асырған ұлы той

Ұлытау облысының құрылуына орай, Ұлытау азаматтарының бастамасымен «Ұлт ұясы - Ұлытау» атты іс-шара өтті.

Ашылу салтанатына Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, облыстық мәслихаттың хатшысы Бауыржан Шыңғысов, аудан әкімі Советбек Медебаев, ақсақалдар атынан Мағзұмбек Машайықұлы, «Кетбұқа» қоғамдық қорының президенті Төлеген Бүкіров қатысып, жылы лебіздерін білдіріп, «Ұлытау жанашырлары» атты төсбелгілерін салтанатты түрде табыс етті.

Бұдан кейін «Харекет» қайырымдылық қоры Ұлытау ауданы Қарсақбай кентінің тұрғыны Жасұлан Аманкелдіге Сәтбаев қаласынан баспана, Қаракеңгір ауылының тұрғыны Наталья Ибраимоваға аудан орталығынан баспана кілтерін берді.

Іс-шара одан әрі ұлттық спорттық ойындарман жалғасып, жүлдегерлер анықталды. Атап айтар болсақ, қазақ күресінен 2000-2004 жылғы жастар арасында 60 келі салмақта ІІІ орын Нұржан Әбілқасов (Жеңіс ауылы), ІІІ орын Нұржан Мырзабек (Ұлытау селосы), ІІ орын Досым Бақытов (Сарысу ауылы), І Еламан Ізтілеуов (Ұлытау селосы). Желке тартыстан Бекнияз Нұрбергенов (Сәтбаев қаласы), ІІ Олжас Саматов (Қостанай облысы), І орын Досбол Сайлаубаев (Ақтүбек ауылы). Арқан тартыстан ІІІ орын «Аманкелді» командасы (Қостанай облысы), ІІ орын «Өрт сөндіру» командасы (Сәтбаев қаласы), І орын «Жезқазған серілері» командасы (Жезқазған қаласы).

Аударыспақтан ІІІ орынды Бердіқұл Әлтай (Ұлытау ауданы), Жарқын Мақажанов (Түкіскен ауылы), І орын Фархат Советов (Шет ауданы).

Қошқар көтеруден ІІІ орын Рахат Ханафин (Жәйрем кенті), Олжас Торбаев (Қарағанды қаласы), І орынды Қылыш Еренғайыпов (Қаражал) қаласы. Қазақша күрес түйе палауаннан ІІІ орын Ақжігіт Оралов (Қарағанды қаласы), ІІІ орын Алмас Мақажанов (Жаңаарқа ауданы), ІІ Айдос Ғалымов (Жаңаарқа ауданы), І орынды Асыл Барменов (Жаңаарқа ауданы).

Тай жарыстан V орын Қаныш Көшербай (Ұлытау ауданы), ІV орын Шахмұрат Мұхат (Жаңаарқа ауданы), ІІІ орын Ержан Налибаев (Ұлытау ауданы), ІІ орын Мейрам Рүстембеков (Шет ауданы), І орын Ерлан Төребеков (Жәйрем кенті). Құнан жарыстан V орын Марғұлан Бегаев (Ұлытау селосы), ІV Хасен Сметов (Шет ауданы), ІІІ орын Омар Алтай (Шет ауданы), ІІ орын Дархан Буралхин (Ұлытау ауданы), І орын Қайрат Көпбаев (Жаңаарқа ауданы). Аламан бәйгеден V орын Жұмабай Садуақасов (Шет ауданы), ІV орын Қанат Қожахметов (Шет ауданы), ІІІ орын Айтжан Мауытов (Шет ауданы), ІІ орын Қайрат Махатов (Алматы облысы), І орын Джамал Баешов (Қарқаралы ауданы).

Жүлделі орындарға ие болғандарға қаржылай сертификаттар мен дипломдар берілді. Соңы қазақ эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасымен тәмамдалды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button