ЖаңалықРедакция таңдауы

Қазақстан ұлттық құра­масы әлемдік рейтингте 11 саты жоғарылады

Халықаралық футбол қауымдас­тықтарының федерациясы (ФИФА) күні кеше футболдан ұлттық құрама­лар­дың жаңартылған рейтингін жа­рия­лады.

ФИФА-ның маусым айындағы әлемдік рейтингі бойынша Қазақстан ұлттық құра­масы бірден 11 саты жоғарылап, 114-орынға жайғасты. Наурыз айындағы рейтингте Қазақ­стан 125-орында тұрған болатын. Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан ұлттық құра­масы маусым айында Ұлттар лигасы аяс­ында төрт матч өткізіп, оның үшеуінде жеңіске жетсе, бір ойында тең түсті.

Атап айтар болсақ, жерлестеріміз алғаш Әзербайжан құрамасынан 2:0 есебімен басым түссе, кейін сырт алаңда Беларусь футболшыларымен тең ойнады. Сондай-ақ Словакия құрамасымен екі ойын өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті – 1:0, 2:1. Дүниежүзілік рейтингте бес дүркін әлем чемпионы Бразилия көш бастап тұр. Кейінгі орындарға Бельгия және Аргентина құрамалары жайғасқан.

Басқа материалдар

Back to top button