Жаңалық Редакция таңдауы

Жұмысты тез табамын десеңіз...

Жұмыс іздеушілер арасында негізі санаулы сайттар ғана танымал. Бірақ көп мүмкіндік ұсынатын тиімді онлайн-алаңдар баршылық. Оқырмандарымыздың арасында бұларды көбі біле бермес, сондықтан жұмыс табуға көмектесетін 10 сайттың тізімін ұсынамыз.

  • Enbek.kz

Платформада әртүрлі топтағы адамдарға байланысты бос жұмыс орындары іріктелген. Мысалы, студенттерге, жастарға ыңғайлы жұмыстар, мүгедектігі бар азаматтарға тиімді ұсыныстар бар.

Дәл қазіргі сәтте сайтта 630 664 жұмыс беруші тіркелген, 1 779 684 адам жұмыс іздеген, соның ішінде 214 763 адам жұмысқа орналасқан және 112 674 бос жұмыс орны бар.

  • HeadHunter

НҺ.kz сайтында бос жұмыс орындарын қарап, өзіңізге ұнайтын ұсыныстарға жауап беруге болады. Жұмыс іздеушілерге таңдауға болатын кәсіби салалардың үлкен каталогы бар. Өзіңіз таңдаған аймақта, қалаған жалақы көлеміне сәйкес ұсыныстарды лезде таба аласыз.

Жұмысты жылдам табуды қаласаңыз, түйіндемеңіздің«жарнамасын» жасауыңызға болады. Ол жарнамалар ақылы.

  • Market.kz

Қазақстандағы «Колеса» және «Крыша» жобаларының тобы құрастырған ортақ тақырыптарды жинақтайтын тегін хабарландырулар сайты.

Порталдың хабарландыру каталогы күнделікті жаңарып отырады. Барлық бос жұмыс орны іздеуге ыңғайлы әрі тез болуы үшін тақырыптарға бөлінген. Сауда-саттық, ІТ, компьютерлер, байланыс, маркетинг және жарнама, әкімшілік қызметкер және тағы басқалары. Қажет категорияны таңдап, ұсынылған хабарландырулармен таныса аласыз.

  • Jumys.sitcen.kz

Бұл – білім беру мекемелеріне басшылар мен қызметкерлерді жұмысқа алу процесін автоматтандыруға арналған портал. Тікелей жұмыс істейтін білім беру ұйымдарындағы бос орындар және кез келген мәселе бойынша тиімді шешімдер мен үміткерлердің, білім беру ұйымдары мен мемлекеттік орган қызметкерлерінің арасындағы кәсіби ашық диалог базасы.

Сайттың алғашқы бетіне өткенде бірден аймақты таңдау ұсынысы шығады. Мұнда конкурстық бос жұмыс орындары да жарияланып отырады. «Мұғалімге көмек» бөлімінде маман иесіне қажет кеңес ұсынылған. Қазіргі уақытта сайтта 412 913 адам пайдаланады, 13 256 жалданған кандидат бар.

  • Zarplata.kz

Жоба 2004 жылдың қараша айынан бастап жүргізіледі. Сайт жұмыссыздардың жұмыс іздеуіне және олардың мәселелеріне барынша назар аударады. Сонымен қатар бұл – жұмыс берушілерге қызметкерлерді іздестірудегі оңтайлы тәсіл ұсынатын платформа.

Жұмысты рубрика бойынша да іздеуіңізге болады немесе бірден компанияны таңдап, сондағы бос жұмыс орындарын қарастыруға мүмкіндік бар.

  • Jooble

Бұл – дүниежүзінің 69 елінде күнделікті миллиондаған адам қолданатын халықаралық жұмыс іздеу сайты.

Компания онлайн рекрутинг нарығында 2006 жылдан бері жұмыс істейді. Өзінің жұмыс істеу кезеңінде компания екі студент негізін қалаған стартаптан жаһандық жұмыспен қамту платформасына өткен. Бүгінгі таңда Jooble Jobs and Employment сегментінде әлемдегі ең көп кіретін сайттардың ТОП-10 қатарында (SmileWeb дерегі бойынша).

  • Joblab.kz

Қазақстанда тікелей жұмыс берушілердің және кадр агенттіктерінің бос жұмыс орындары туралы жариялайтын және қызметкерлерді іздестіретін кәсіби сайт.

Сайтта барлық бос жұмыс орны және түйіндемелер бірнеше катологқа бөлінген: кәсіби қызметтер бойынша айдарлар тізімі; қала және облыстар бойынша айдарлар тізімі; ең оңтайлы жұмыстан ұсыныс -алу үшін бірнеше параметрде бос жұмыс орындарды кеңінен іздестіру.

  • Qyzmet.kz

Qyzmet.kz – жұмысқа орналасуға арналған web-сайттар мен порталдарда жарияланған бос жұмыс орындарын іздестіруге мүмкіндік беретін мамандандырылған жүйе.

Сайт классикалық Google, Яндекс, Bing іздеу жүйелері тәрізді, кілт сөздермен керек web-сайттарды тауып, пайдаланушыларды соларға бағыттайды. Түрлі фильтрмен қажет бос жұмыс орынды тауып береді.

Сондай-ақ вакансияларды рубрика бойынша да қарастыруға болады. Аймақ бойынша мамандықты да бөлек-бөлек іздеуге болады. Сайт қарапайым жұмыс істейді.

  • Olx.kz

ОІХ тек тауар алмасу, сауда-саттық алаңы емес. Қазақстан бойынша жұмыс ұсынатын әртүрлі бірлестіктің және жеке кәсіпкерлердің алаңы.

Мұнда да жұмыс, мамандық мөлшері жалақысымен жарияланады. Өз қызметіңізді де ұсыну мүмкіндігі бар.

  • Naimi.kz

Сайт клиенттерге және жұмыс берушілерге білікті мамандарды және қызметкерлердің құрамын іздестіруге, сонымен қатар мамандарға жұмыс іздестіруге көмектесу мақсатында 2015 жылы құрылған.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button