ЖаңалықРедакция таңдауы

Түркі әлеміне ортақ оқулықтар әзірленді

Түркі әлеміне ортақ оқулықтар әзірленді. Елордада өткен Түрік академиясы ғылыми кеңесінің V отырысы аясында бірлескен еңбектерге қатысты қорытынды шешім қабылданды. Атап айтсақ, түбі бір түркі халықтарының XV ғасырға дейінгі тарихын қамтитын оқулық, бауырлас елдер географиясы және тамыры тереңнен сабақтас мәдени-рухани құндылықтар жайынан сыр шертетін ортақ түркі әдебиеті. Бұл оқулықтар енді Қазақстан, Әзербайжан, Түркия және Қырғызстанның мектеп оқушыларына факультативті бағдарлама ретінде оқытылатын болады.

Дархан Қыдырәлі, Халықаралық Түркі Академиясының Басшысы:

– Бұл оқулықтар 7-8-ші сыныптарға арналған. Сондықтан түсінікті, ұғынықты тілмен, карталармен, суреттермен безендіріле отырып заманауи үлгіде әзірленген. Бұл оқулықтарды халықаралық түркі Академиясы әзірледі. Арнайы сарапшылардың, білім министрліктерінің өкілдері қатысуымен консенсуспен қабылданды. Енді біздің жүз мыңдаған жас буын оқушыларымыз осы оқулықтарды оқиды деп есептеуге болады. Сондықтанда жалпы түркі әлемі туралы түсінік мектеп жасында қалыптасып, ортақ құндылықтарымыздың жас ұрпаққа насихатталуы ерте қолға алынады.

Сондай-ақ келелі жиын барысында ортақ оқулықтармен қатар, түркі әлемінің тұғырлы тұлғалары мен маңызды оқиғаларға қатысты мерейлі даталар тізімі, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық мәселелері, ғылыми-зерттеу жобалары талқыланып, басым бағыттары мақұлданды.

Басқа материалдар

Back to top button