ЖаңалықРедакция таңдауы

«Қазақстан барысының» жеңімпазы анықталды

Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде қызылордалық Мақсат Исағабылов чемпион атанды.

Қызылордалық спортшы финалда маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповпен кездесті. Нәтижесінде Мақсат қарсыласын жеңіп, биылғы турнирдің жеңімпазы атанды.

Мақсат Исағабылов 1994 жылдың 17 қарашасында Қызылорда облысында дүниеге келген. Бойы 184 сантиметр, салмағы 120 келі. Бұған дейін ол қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған.

Оған 25 миллион теңге ақшалай сыйлық, алтын белбеу және алтыннан құйылған «тайтұяқ» берілді. Ал екінші орын иегері Нұрдәулет Жарылғаповқа 5,5 миллион теңге мен күміс белбеуге қол жеткізді. Турнир барысында қола жүлдеге жамбылдық Ғалымжан Қырықбаев қол созып, 1,8 миллион теңге мен қола белбеуге ие болды.

Басқа материалдар

Back to top button