Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақтың тұңғыштарын біле жүріңіз!

Ел тарихында жоғары білім алған алғашқы қазақ - Сейдахмет Сүйінішқалиев (1881 жылы Қазан университетінің физикалық математикалық факультетін бітірген) екенін бірі белсе, бірі білмес. Ал Алаш зиялыларымен иық тірестіре еңбек еткен Нәзипа Құлжанованың қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналист ретінде тарихты аты мен хаты қалды. Бүгін қазақ халқын әлемге танытқан тұңғыш тұлғалар тізімін назарларыңызға ұсынамыз.

Бірінші хан – Керей хан Болатұлы;

Бірінші дәрігер – Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы. Еуропалықтардан бұрын оспадан вакцина тапқан;

Бірінші тарихшы – Қадырғали Қосынұлы Жалайри;

Қазақ даласындағы көтерілістердің бірінші басшысы – Сырым батыр Датұлы;

Қазақтан бірінші шыққан Ресей генералы және қазақ даласындағы бірінші мектеп ашқан – Жәңгір хан Бөкейұлы (1831 жылы генерал лауазымын алған);

Бірінші мұғалім, ағартушы, оқулық шығарушы – Ыбырай Алтынсарин;

Қазақша жазба әдебиетінің бірінші қалаушысы – Абай Құнанбайұлы;

Екі жоғары білім алған бірінші қазақ – Дінмұхаммед Сұлтанғазин (1895 жылы Санкт-Петербург университетінің шығыстану және құқық факультеттерін бітірген);

Қазақтан шыққан бірінші революционер большевик және дүниежүзін аралап келген қазақтың бірінші саяхатшысы – Әліби Жангелдин;

Қазақ тілінде шыққан тұңғыш газеттің іргетасын қалаушы – Шаһмардан Ыбрайымов (Түркістан уәлаятының газеті);

Бірінші режиссер – Жұмат Шанин (1892-1938);

Бірінші қазақ, құрметіне астрономиялық нысанға есімі берілген ғалым – Қаныш Сәтбаев;

Әлем чемпионы лауазымын алған бірінші қазақ – Қажымұқан Мұнайтпасов;

Роман жазған тұңғыш қазақ – Міржақып Дулатов («Бақытсыз Жамал», 1910 ж.);

Қазақ алфавитін түзіп және оған оқулық бірінші шығарған – Ахмет Байтұрсынұлы;

Қазақстанның (Алаш Орданың) бірінші премьер министрі – Әлихан Бөкейхан;

Шетелде қазақ әндерін бірінші орындаған – Әмре Қашаубаев (Париж, 1925 ж.);

Бірінші ұшқыш – Жақыпбек Малдыбаев (1938 жылы авиакатастрофада қайтыс болды);

Рейхстагқа ту тіккен Кеңес Одағының бірінші солдаты – Рақымжан Қошқарбаев (1924-1992);

Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын алған бірінші қазақ – Талғат Бигельдинов;

Олимпиадаға қатысқан бірінші қазақ – Ғұсман Қосанов (Рим, 1960 ж.);

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы – Әлжан Жармұхамедов.(1972 жылғы Мюнхен Олимпиадасының жеңімпазы);

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті – Нұрсұлтан Назарбаев;

Бірінші қазақ ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров;

Бірінші ойшыл – Асан Қайғы (Асан Сәбитұлы, ХІУ – ХУ ғ.ғ.);

Бірінші шешен – Жиренше шешен (ХУғ.);

Бірінші заң шығарушы – Қасым хан Жәнібекұлы. «Қасым ханның қасқа жолы»;

Бірінші зерттеуші-ғалым – Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов;

Бірінші елші, дипломат – Нәзір Төреқұлов;

Бірінші әйел-мұғалім – Хұсни-Жамал Зұлқарнайқызы Нұралыханова (1894 жылдан бастап);

Тұңғыш кәсіби суретші – Әбілхан Қастеев;

Тұңғыш кәсіби мүсінші – Хәкімжан Исмаханұлы Наурызбаев;

Қазақ тіліндегі тұңғыш журналдың іргесін қалаушы – Мұхамеджан Сералин («Айқап», 1911-1915);

Социалисттік Еңбек Ері атағын алған бірінші қазақтар – Жаппархан Асайынов (1943), Жамал Рысқұлова (1947), жазушылар арасында – Ғабит Мүсірепов (1974), дәрігерлер арасында – Ысқақ Әлібеков.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button