ЖаңалықРедакция таңдауы

Студенттер өздері жасаған өнімді сатып, табыс таба алады

Мемлекеттік колледж студенттеріне оқуын тоқтатпай-ақ ақша табуға мүмкіндік берілген. 2021-2022 оқу жылында қабылданған заңнамалық нормалардың арқасында мыңдаған студент табыс тапты.

Яғни, жаңа заңнамалық түзетулер колледж студенттеріне оқу-өндірістік цехтар мен оқу шаруашылықтарында өздері өндірген өнімдерді сатуға мүмкіндік береді. Өзгерістерді әзірлеушілер мұндай шара студенттердің оқуға деген қызығушылығын арттырып, ынталандыратынын атап өтті.

«Қазіргі таңда 444 мемлекеттік колледждің 97-інде студенттер өз өнімдері мен қызметтерін сатып жатыр. Мысалы, олар колледж қабырғасында дайындалған тәттілерді, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді сатады. Сондай-ақ «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша оқитын студенттер өндірістік тәжірибе кезінде темірден конструкция жасап, еңбек нарығына шығарады. Біз бұл жерде толық кәсіпкерлік қызмет туралы емес, тек өндірістік оқу мен тәжірибе кезінде өндірілген өнімдердің сатылып, колледж бюджетін толықтыруға болатынын ғана айтып отырмыз. Бұл қаражатты өндірістік оқытуға арналған электродтарды немесе металды сатып алуға пайдалануға болады. Мұндай жұмыс еліміздің басқа колледждерінде де жалғасын табады», – дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

Басқа материалдар

Back to top button