Жаңалық Редакция таңдауы

Жыл соңына дейін елге 700 мыңға жуық шетелдік турист келеді

Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев жұмыс сапары аясында ішкі туризмді дамыту мәселелері жөнінде кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша ішкі туристер саны 6,9 млн болды, бұл 2020 және 2019 жылдармен салыстырғанда рекордтық көрсеткіш болып отыр. Шетелдік қонақтар саны артып келеді. Жыл соңына дейін елге 700 мыңға жуық шетелдік турист келеді. 28 елмен 107 бағыт бойынша халықаралық қатынастар қалпына келтірілді, сондай-ақ 77 елдің азаматтары үшін визасыз режим қалпына келтірілді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық парктерге барушылар саны 1,5 млн адам болды. 2022 жылдың соңына дейін ұлттық парктерге келушілердің санын 1,6 млн-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Біз әзірлеген eQonaq жүйесінде 6 мыңнан астам қолданушы тіркелген, олардың қатарында қонақ үйлер, туроператорлар және жеке тұлғалар бар. Жүйенің арқасында министрлік туристердің қайдан келетінін, олардың жасы мен жынысын, қанша уақыт тұратынын, олардың қандай маршрутты таңдайтынын біле алады. Бұдан бөлек, шетелдік азаматтың Қазақстанда неше рет болғанын және оның қалауларының қалай өзгергенін көруге болады», делінген хабарламада.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button