ЖаңалықРедакция таңдауы

Жер қойнауын пайдалану саласы цифрландырылады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жер қойнауын пайдалану саласын цифрландыру жұмыстарын жүргізуде. Бұл бағыттағы процестер ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

«Цифрландыру жұмыстары 4 кезеңді қамтиды. Атап айтқанда, қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия беру, қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру, жер қойнауын пайдаланушы режиміне өту шеңберінде лицензия беру және жер қойнауын пайдалану туралы шарттарға түзетулер енгізу бойынша қосымша Келісімді бекіту сынды құжаттық рәсімдер қарастырылған», – делінген хабарламада.

Кейін аталған мемлекеттік қызметтерді пилоттық жоба аясында электронды форматта жүзеге асыру жүргізіледі.

«Жер қойнауын пайдалану саласын цифрландыру еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырып, бұл тарапта қажетті құжаттар санын айтарлықтай азайтуға септігін тигізеді. Сонымен қатар бұл процесс түрлі әкімшілік кедергілерге тосқауыл қойып, лицензия беру кезіндегі ашықтықты қамтамасыз етеді», – делінген ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Басқа материалдар

Back to top button