Жаңалық Редакция таңдауы Зерттеу

Жастардың болашаққа деген сенімі қандай?

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы  жүргізген «Қазақстан жастары» әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері бойынша еліміздегі жастардың көп бөлігі болашаққа сеніммен қарайды. Нақтырақ сандарға тоқталатын болсақ, жастар арасында алаңдаушылық тудыратын белгілі бір жағдайлар болса да, сауалнамаға қатысқандардың  47,3%-ы болашаққа сеніммен қарайды. Ал 30,7% респонденттің болашаққа деген сенімі байсалды, ешқандай артық үміттену жоқ.

11,5% сауалнамаға қатысушылар болашақ жайлы ойласа алаңдаушылық бар екенін айтқан. Сондай-ақ 1,3% бөлігінде қорқыныш пен үмітсіздік бар.

Осы қорытындыларды жасқа қарай бөлетін болсақ, 14-18 жас аралығындағы респонденттер неғұрлым оптимист және болашаққа сеніммен қарайтыны байқалады. Бұл ретте 24-28 жастағы ересек топтың респонденттері неғұрлым байсалды және болашаққа иллюзия мен үміттенусіз қарайды екен.

Дәлірек пайыздық көрсеткішпен айтсақ:

14-18 жас 19-23 жас 24-28 жас
Сенімділік және оптимизммен 53,5 45,1 43,5
Байсалды, иллюзия мен үміттенусіз 27,1 30,9 33,8
Немқұрайлы, селқос 6,0 6,8 6,5
Үрей және мазасыздықпен 8,3 12,7 13,3
Қорқыныш және торығумен 0,8 1,5 1,5
Жауап беруге қиналамын 4,4 3,0 1,4

Бұл көрсеткіштерге сәйкес 14-18 жас аралығындағы жастар болашаққа неғұрлым сеніммен қарайтынын байқауға болады. Ал 24-28 жас аралығындағы респонденттер байсалды түрде ешқандай артық үмітсіз қарайды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button