ЖаңалықРедакция таңдауы

Қазақстанда халыққа төленетін әлеуметтік төлемдер қалай есептеледі?

Елімізде кез келген әлеуметтік төлемді тағайындаған кезде азаматтың бұған дейінгі және қазіргі табыс көлемі ескеріледі.

«Әлеуметтік төлемдердің мөлшері азаматтардың орташа айлық жалақысына және жүйеге қатысу өтіліне байланысты. Биыл бірінші жартыжылдықта жүктілікке байланысты берілетін төлемнің орташа көлемі 694 мың теңгені құрады. Бір жасқа дейінгі бала күтіміне арналған төлемнің орташа мөлшері – 41 мың теңге. Асыраушысынан айрылуына байланысты төлем сомасы шамамен – 38 мың теңге, ал еңбекке қабілетінен айрылған жағдайда тағайындалатын төлем – шамамен 37 мың теңге», – деді мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемел ОКҚ-да өткен брифинг барысында.

Сондай-ақ, жұмыссыз қалған қазақстандықтар орта есеппен 41 мың теңге әлеуметтік төлем алады.

Одан бөлек, қор басшысы 150 мың теңге жалақы алатын адам бала күтіміне байланысты қандай көлемде төлем алатынын есептеп берді.

«Егер орташа жалақы 150 мың теңге болса, оның 40% дегеніміз – 60 мың теңге. Яғни, бала күтіміне байланысты 60 мың теңге әлеуметтік төлем тағайындалады», – дейді ол.

Басқа материалдар

Back to top button