Жаңалық Редакция таңдауы

Алакөлден ерекше қажеттілігі бар балаларға қызмет көрсететін орталық ашылмақ

Абай облысы Үржар ауданындағы Алакөл жағалауында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған орталық ашылады.

Бүгін Абай облысының әкімдігіне Үржар ауданы Алакөл жағалауында орналасқан «Абайбек» демалыс базасының иесі жүгінді. Өз сөзінде ол қазіргі демалыс базасының аумағына ерекше қажеттілігі бар балаларға қызмет көрсететін орталық салу туралы ниетін білдірді.

Инвесторға құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қажетті нормативтер мен ережелер, ресімдеу тәртібі мен құжаттар тізбесі түсіндірілді.

«Кездесу жемісті өтті. Облыстық білім басқармасының қызметкерлері осындай объектілерге қойылатын талаптар туралы жіті түсіндіріп берді. Өтініш беруші алынған ақпаратты назарға алып, осы мәліметтерге сәйкес нысанды іске қосу жұмыстарымен айналысатын болады», – дейді Абай облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Анзор Абаев.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button