Жаңалық Редакция таңдауы

Алтынемел - Қазақстандағы ең үлкен қорық

«Қазақстанның туристік маршруты» айдарының бүгінгі саны Алтынемел ұлттық саябағы жайлы болмақ.

«Алтынемел» ұлттық саябағы Қазақстанның оңтүстік-шығысында, орналасқан. Оның табиғаты географиялық аймақтың сан түрін өз бойына қамтуымен, әсемдігімен жұртшылықты таң қалдырады. Саябақ аумағында туристерді қатты қызықтыратын бірегей табиғи құрылымдар және байырғы тарих ескерткіштері орналасқан. Оның құрамына Жетісу Алатауының сілемдері: Шолақ, Дегерес, Матай, Алтынемел, Қояндытау таулары, Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан, Ақтау жоталары және өте сирек кездесетін табиғат ескерткішінің бірі – Айғайқұм енеді. Сондай-ақ шөл дала мен шөлейіт жердің де, таулы жердің де әсем табиғатын көре аласың.Саябақ территориясында тау жүйесі мен Іле өзені ағып жатыр.  аталмыш саябақ тек қана Қазақстанның ғана ең үлкен және атақты қорығы ғана емес, қазақ мәдениетіндегі бағалы және маңызды мұрасы болып саналатын әлемдік ЮНЕСКО тізіміндегі қорықтар қатарына жатады.

«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Іле қазаншұнқырындағы құнды экожүйені  және олардың биологиялық сан алуандығын сақтау, геоморфологиялық және палеонтологиялық нысандар және  тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау үшін құрылған.

Ұлттық паркте туристерге арналған инфрақұрылымдық кешендер бар. Атап айтқанда, қонақүйлер, саяхатшылық соқпақтар, сапалы көлік жолдары. Сонымен қатар, «Алтынемел» ұлттық паркі еліміздегі шөлді аумақта орналасқан жалғыз парк болып саналады. Барлық жерлерде Іле жазығындағы көптеген ландшафтарды көруге болады. Олар: таулар, жазықтар, тоғайлар, сонымен қатар, қарақұйрық, құлан үйірлерін де көптеп көруге болады.

Саябақ флораға бай, онда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1500 түрі, «Қызыл кітапқа» енген 22 түрі (мысалы, Мүсілім сылдыршөбі, Қопал таспашөбі, Іле бөріқарақаты, т.б.) бар. Бақ жануарлар әлеміне де бай. Омыртқасыздардың ішінде ең көп кездесетіні – өрмекшітәрізділер мен жәндіктер. Жәндіктердің 5000-нан аса түрі белгілі, оның 25 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Сонымен қатар паркте археологиялық ескерткіштер мен ежелгі таңбалар және суреттер салынған үңгірлер мен тастар көп. Сақ дәуірінде салынған «Бесшатыр» обаларының саябақ үшін маңызы зор. Ш.Ш.Уәлихановтың тарихи-мемориалдық мұражайы осында орналасқан.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button