ЖаңалықРедакция таңдауы

Қазақстан мен Андорра туризм саласында тәжірибе алмасады

Қазақстан мен Андорра туризм саласында тәжірибе алмасуға уағдаласты. Бұл туралы елімізге ресми сапармен келген Андорра Сыртқы істер министрі Мария Убах айтты.

«Бұл күн екіжақты қарым-қатынасымыздың айрықша маңызға ие межесіне айналады. 2008 жылдың 30 қаңтарында екі елдің арасында дипломатиялық байланыс орнаған болатын. Келесі жыл біз елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастың 15 жылдығын атап өтеміз», – деді Андорра министрі ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында.

Мария Убах Қазақстанға сапары екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін беретінін баса айтты. Сонымен қатар ол бүгін қол қойылған визалық талаптардан өзара босату туралы келісімнің арқасында екіжақты байланыс арта түсеріне сенім білдірді. «Осы келісімнің арқасында туризм мен бизнес есебінен екіжақты қарым-қатынас арта түсетініне сенім білдіреміз. Мұнан бөлек, туризм болашағын, барынша тұрақты туристік модель қалыптастыру мақсатында тәжірибе алмасу бағытындағы бірлескен жұмысымыздың маңыздылығы талқыға салдық», – деді ол.

Басқа материалдар

Back to top button