Жаңалық Редакция таңдауы

Балаларға арналған «Zhasdaryn» бейнероликтер байқауының жеңімпаздары анықталды

16 тамыз күні балаларға арналған «Zhasdaryn» бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын анықтау үшін конкурстық комиссия мүшелерінің отырысы өтті. Бұған дейін ұйымдастырушы комитет отырысында барлық 176 бейнероликтің ішінен 35 бейнеролик іріктеліп алынған болатын. Осы таңдалған бейнероликтердің арасынан жас ерекшіліктеріне қарай бөлінген әр топтан үздік 2 қатысушы анықталды.

Комиссия мүшелерінің қатарында «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Қайдарова Асем Серікқазықызы; «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Айкенова Дина Маратқызы; «Казцинк» ЖШС қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Фоминых Евгений Евгеньевич; Отбасы институтын зерттеу орталығының жетекші менеджері, психолог Досмұхамбетова Асылжан Ибатқызы; «Qazaqstan» республикалық телерадиокорпорациясы «Aqparat» бағдарламасының жүргізушісі Гүлназ Әлімгерей; «Balapan» телеарнасының бас продюсері Кенжебаева Сандуғаш Баймаханқызы; Журналист, тележүргізуші Нұрсұлтан Құрман; Контент-менеджер Болатбеков Жанасыл Тұрсынбекұлы; Суретші, графикалық дизайнер, иллюстратор Кәрібаева Әйгерім Ерденқызы; Мобилограф Айнур Асылбекқызы болды.

Отырыс Ruh.kz порталының бас редакторы Мұстафин Сұлтан Ұланұлы модераторлығымен өтті.

Естеріңізге сала кетейік, байқауға 5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде дарынды балалар, халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары қатысты.

Қатысушылар жас ерекшелігіне қарай 3 топқа бөлінді:

5-9 жас

10-13 жас

14-18 жас

Байқау шарты бойынша қатысушылар әлеуметтік желілерде міндетті түрде жасын көрсете отырып, «Менің болашақ мамандығым» атты креативті бейнеролик жариялау қажет еді. Бейнеролик хронометражы – 1  минутқа дейін.

Әлеуметтік желіде жариялау кезінде жоба үшін арнайы ашылған zhasdaryn_baiqauy парақшасын белгілеу және #меніңарманым2022 және #zhasdaryn2022 хэштегтерін көрсету қажет. Қатысушылар бейнероликті өзінің немесе ата-анасының әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялады.

Ескерте кетейік, ұйымдастырушы комитет отырысында байқау шарттарын толық орындамаған қатысушылардың бейнероликтері келесі комиссия қаралымына өтпеді.

Үздік деп танылған қатысушыларды марапаттау шарасы алдағы уақытта өтеді. Жеңімпаздар ноутбуктер мен дипломдармен марапатталады.

Байқауды «Казцинк» ЖШС қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастырды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button