Жаңалық Редакция таңдауы

Қызыл кітап: Ақ тұңғиық пен жалман

«Қазақстанның Қызыл кітабы» айдарының бүгінгі санында жануарлар санатынан жалманға, өсімдіктер санатынан ақ тұңғиыққа тоқталамыз.

Жалман – тек Қазақстанда ғана ; Арал сыртында (Қарсақпай жалманы) , Бетпақдалада , Балқаш маңының солтүстігінде , шығысында (Алакөл шұңқыры) , Жоңғар қақпасы төңірегінде өте сирек кездесетін , тышқанға ұқсас кішілеу кеміргіш (денесінің ұзындығы 8-10 см, құйрығы 6-8 мм, салмағы 20-30 г). Терісі қалың жүнді , жібектей жұмсақ құлағы едәуір үлкен .

Баялыш бұталарының , ақ жусандардың ішінде жүреді. Жерде жайлап ғана секіріп баяу қозғалады. Бірақ бұталарда тез, жақсы өрмелейді. Негізінен бунақ денелерді аулап жейді . Жақсы көретін қорегі шегіртке , бүйі қыршаян тәрізді өрмекшілерді де аулайды . Қорегін үңгірде кейде таңғы салқын кездерде ширақ іздейді. Күндіз және түнде ұйықтайды .Ауа температурасы +3 С төмен болатын күз , көктем мезгілдерінде және қыста ұйқыда жатады.

Алғаш рет бұл кеміргіштің сүйегін Бетпақдала шөлінен жас зоолог Виктор Алексеевич Селевин тапқан болатын, көп ұзамай кеміргіштің өзі де ұсталды. Бірақ сол жылы жас ғалым қаза болып, оның әріптестері ғылымда сүтқоректінің жаңа түрін ашқаны үшін оны зерттеуші ғалымның құрметіне Sеlеvіnа betpakdalensis деп ғалымның ата тегі мен шөлдің атын біріктіріп атады.

Сирек эндемик, әрі зерттелмеген түр ретінде Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.

Ақ тұңғиық – көпжылдық су өсімдігі. Тамыр-сабағы су астындағы топыраққа төселіп, дөңгелек, жүрек тәрізді жапырақтары су бетіне жайылып өседі. Гүлі кешке жабылып, күн шыққанда ашылады. Тұқымы ауа толған жеміс қабында тұрады. Онда көзге көрінбейтін саңылаулар бар. Сол арқылы ауа сыртқа тарап, желдің әсерінен тұқым су түбіне түседі. Ал келесі жылы жаңа өсімдік өсіп шығады. Тамыры мен тұқымын су құстары, ондатр, кәмшат, жұпартышқан қорек етеді. Ақ тұңғиықты бау-бақша, саябақтарды көгалдандыру үшін де өсіреді. Егер су температурасы құрлықтағыдан төмен болса, олар өзен бойындағы құрғақ жерлерде де өсе береді. Ақ тұңғиық – сирек кездесетін, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген өсімдік.

Ақ түсті тұңғиықты көрген адам суда қанатын жайып тұрған аққудың балапаны екен деп қалады. Сондықтан да халық аталмыш өсімдікті «аққугүл» деп атаған. «Су маржаны», нимфея, «су лаласы» деген әдемі атаулары бар тұңғиықты барша халық «су патшайымы» деп бағалайды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button