Жаңалық Редакция таңдауы

1 қыркүйек - Білім күні

Бүгін барлық білім ордалары білім алушыларға есіктерін айқара ашып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерді ықыласпен қарсы алатын күн.

2022-2023 оқу жылында ел мектептерінде 3,7 млн бала білім алады.

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған мәліметтеріне сүйенсек, елімізде барлығы 7,6 мыңнан астам мектеп бар, онда 380 мыңнан астам мұғалім жұмыс істейді және 3,7 миллионнан астам бала оқиды. Жаңа оқу жылында 400 мыңға жуық бірінші сынып оқушысы мектеп табалдырығын аттайды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтер мен оқушыларды қолдауға ерекше көңіл бөліп отыр. 2023 жылғы қаңтардан бастап педагогтердің, балабақша тәрбиешілерінің және басқа да білім саласы қызметкерлерінің жалақысы тағы да 25%-ға өседі.

Халықаралық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған дарынды балаларға 4,7 млн теңгеге дейін сыйақы төленеді. Мұндай олимпиадалар тізімі тағы 7 зияткерлік сайыспен толығады. Оларға ЖОО-да оқуға гранттар да беріледі. Ұстаздар да біржолғы төлем алады.

Үлгерімі төмен балаларға ерекше қолдау, жылы сөздер және олардың жетістікке жететініне сенім қажет екенін түсіну маңызды. Сол себепті биыл Президенттің қолдауымен оқушылардың «БИЛ», «Дарын» сияқты мектептерде білім алуы үшін 15% квота енгіздік. Онымен қоса бірқатар арнайы бағдарламаны қолға алдық».

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button