Жаңалық Редакция таңдауы

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

Бүгін «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздары марпатталды.

Биыл конкурсқа 75 қатысушы 153 материал ұсынған. Солардың ішінен арнайы комиссияның шешіміне сәйкес, бас жүлдені Жамбыл облыстық «Ар-Ай» жастар газетінің тілшісі Әбдір Шапағат жеңіп алды. Оған 1 млн теңгенің сертификаты табыс етілді.

Ал «Үздік мақала» номинациясы бойынша І орын республикалық «Жас алаш» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Бифат Елтаеваға, ІІ орын «Egemen Qazaqstan» газетінің аға тілшісі Айдана Шотбайқызына, ІІІ орын «Төлеби туы» қоғамдық-саяси газеті редакциясының бөлім меңгерушісі Төлеген Ахметовке бұйырды.

Сонымен қоса, «Үздік теле және радиобағдарлама» номинациясы бойынша І орынды «Жетісу радиосының» бас редакторы Мұхит Тоқтасын жеңіп алды. Бұл аталымда ІІ орынды Қазақ радиосының шолушы редакторы Шәкім Жанболат және ІІІ орынды «Qyzylorda» телеарнасының шеф-редакторы Толқын Қабылша еншіледі.

«Үздік сайт» номинациясында республикалық «Айқын» газетінің тілшісі Қарқын Көктем жеңімпаз атанды. ІІ орын халықаралық «Түркістан» газетінің штаттан тыс тілшісі Ахмер Біржанға, ІІІ орын Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы Ермұхамед Мәуленге бұйырды.

Байқау жүлдегерлері ақшалай сыйақымен марапатталды. Айта кетейік, байқау Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті және Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе ұйымдастырылған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button