«Рухани жаңғыру» аймақтардаЖаңалықРедакция таңдауы

«Мерейлі отбасы-2022»: Павлодар облысында үздік отбасын анықтады

Павлодар облысының аудандары мен қалаларынан 27 отбасы «Мерейлі отбасы-2022» ұлттық конкурсының өңірлік кезеңіне қатысты.

Үздік отбасы атағына үміткерлерді комиссия іріктеді.  Қазылар алқасы бағалау барысында отбасының жекелеген мүшелерінің еңбегін ғана емес, сонымен қатар аймақтың қоғамдық-саяси өміріне қосқан үлесін, жалпы отбасылық еңбек өтілін, нақты еңбек жолы бойынша ұрпақтар сабақтастығын да ескерді.

Бірінші орынды павлодарлық Мұхтаровтар отбасы иеленді. Әулеттің жалпы еңбек өтілі 200 жылдан асады. Алтай отбасының басшысы Мұхтаров – 25 жылдық тәжірибесі бар зоотехник,  әкесі Хайрулла Мұхтаров 45 жылдан астам бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. Алтайдың зайыбы Тыңдаш Қалдыбаева 44 жыл тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған. Ал төрт қызы білім және мемлекеттік қызмет саласын таңдаған.

«Бала кезімізден бастап ата-аналар бізге еңбекке деген сүйіспеншілікті, үлкендерді құрметтеуді, атқаратын жұмысқа  жауапкершілікпен қарауды үйретті», – деді Мұхтаровтардың балалары. Осы қасиеттердің барлығын біз балаларымызға беруге тырысамыз. Отбасы жас ұрпаққа өз отбасына деген сүйіспеншілікті оята отырып, отбасылық дәстүрлер мен қағидаларды құрметтейді.
Екінші орынды Шарбақты ауданынан Рахметовтар, үшінші орынды Екібастұз қаласынан Новиковтар және Баянауыл ауданынан Жармағамбетовтар отбасы иеленді. Жүлдегерлерге тұрмыстық техника табыс етілді.

Сонымен қатар, жеті отбасы – «Мерейлі отбасы-2022» байқауының лауреаттары атанды.

«Егер әрбір отбасы гүлденсе, бүкіл Қазақстан гүлдене түседі», – деді облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Балтабай Қаппасов.

Енді Мұхтаровтар отбасы байқаудың республикалық кезеңінде облыс намысын қорғайды.

Басқа материалдар

Back to top button