ЖаңалықРедакция таңдауы

Дәстүрлі ғылым саласындағы ізденіс кон­кур­сы­ басталды

Ғылым және жоғары білім министр­лі­гінің Ғылым комитеті дәстүрлі ғылым саласындағы ізденіс кон­кур­сы­ның басталғанын хабарлайды. Биыл гуманитарлық, жараты­лыс­та­ну ғылымдары, педагогика және түр­кология салаларында 6 сый­лық бекі­тіл­ген. Сонымен бірге талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендиялар да бар.

Ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан ғалымдар мен ғылыми қыз­меткерлерді көтермелеу мақсатында жыл сайын Ғылым және жоғары білім ми­нистр­лігінің Ғылым комитеті сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар та­ғайындайды. Мемлекет үшін басым ба­ғыттарда іргелі немесе қолданбалы ғы­лы­ми-зерттеулер жүргізуге, ғылыми кадр­лар даяр­лау­ға белсенді атсалысқан зерт­теу­ші­лер осы марапатқа үміткер бола алады.

Сыйлықтар мен ғылыми стипендиялар конкурстық негізде келесі бағыттар бойынша тағайындалады:

– жаратылыстану ғылымдары сала­сындағы үздік ғылыми-зерттеуі үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы бір сыйлық;

– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми-зерттеуі үшін Ш.Уәлиханов атындағы бір сыйлық;

– педагогика саласындағы үздiк ғылыми-зерттеуі мен жұмысы үшiн Ы.Алтынсарин атындағы бір сыйлық;

– түркология саласындағы аса зор же­тіс­тік­тері үшін Күлтегін атындағы бір сый­лық;

– жаратылыстану ғылымдары сала­сындағы үздік жұмысы үшін жас ға­лым­дар­ға арналған Д.А.Қонаев атындағы бір сыйлық;

– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға ар­налған М.О. Әуезов атындағы бір сыйлық;

– 75 мемлекеттік ғылыми стипендия, оның ішінде 50-і талантты жас ғалымдарға арналған.

Қойылған талаптарға сәйкес рәсімделген конкурстық өтінімдер 2022 жылғы 7 қазанға дейін тұрғылықты жері бойынша «Аза­мат­тарға арналған үкімет» мемлекеттік кор­по­рациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында қабылданады, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button