ЖаңалықРедакция таңдауы

Президенттікке кандидаттар 3 млн теңге жарна төлейді

ҚР Президенті сайлауына қатысуға үміткерлер 3333 млн теңге жарна төлейді.

«Сайлау туралы Конституциялық заңның 55-бабының 1-тармағына сәйкес президенттікке кандидаттар ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктерге тиесілі. Ұсыну туралы шешім республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы мүшесінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады», – деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Сондай-ақ, ОСК төрағасының орынбасары кандидаттарды заң талаптарына сәйкес келетіндігі өтініш бергеннен кейін 5 күннің ішінде тексерілетінін айтты.

«Кандидаттардың Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтауды Орталық сайлау комиссиясы республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырысының кандидатты ұсыну туралы хаттаманы, дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші және кандидаттың сайлау жарнасын төлегенін растайтын түбіртекті өткізгеннен кейін 5 күн ішінде жүзеге асырады. Жарна мөлшері – 3 млн теңге», – дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталады.

Басқа материалдар

Back to top button