Жаңалық Редакция таңдауы

Партиялық емес байқау орталығы Президент сайлауын қатысты мәлімдеме жасады

Партиялық емес байқау орталығы өздерінің facebook парақшаларында Республика Президенті сайлауын бақылайтыны туралы мәлімдеме жасады.

Партиялық емес байқау орталығы елдің сайлау процестеріне жүйелі түрде қатысып отырады.

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 20 қарашаға Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын тағайындады.

«Биліктің ашықтығы мен қоғамға есеп беруін қамтамасыз ету қағидаттарына адалдықты баса көрсете отырып, біз сайлау процесіне белсенді қатысуға және президенттік сайлауды объективті бақылауды жүзеге асыруға ниетімізді білдіреміз. Біз, азаматтық қоғам өкілдері демократияны дамытуды, қоғамның мемлекетті басқарудағы мүмкіндіктерін кеңейтуді жақтаймыз»,- дейді олар.

Сондай-ақ олар, алдағы сайлау – әрбір қазақстандық үшін маңызды оқиға, ол еліміздің көшбасшысына қатысты халықтың таңдауын анықтайтынын айтты.

«Біздің басты мақсатымыз – бүкіл сайлау процесінің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету, дауыс берудің ашықтығы мен жариялылығының мүлтіксіз сақталуына ат салысу. Сайлауға дайындықтың барлық сатыларында және дауыс беру күнінде байқауды қамтамасыз ету үшін азаматтық қоғам күштерін тартуға ниеттіміз. Біз – әділ сайлау үшін, ертеңгі күнге деген сенім үшін, еліміздің жарқын болашағы үшін еңбек етеміз», – дейді олар.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button