Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстанда жасы 100-ден асқан қанша қария бар?

Қазақстанда 100 жастағы және одан асқан 487 азамат бар. Ең жасы үлкен қазақстандық - 121 жастағы түркістандық. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. 

Әдетте, еліміздің оңтүстік өңірінде ең көп өмір сүреді деуге болады. Түркістан облысында 100 және одан асқан 75 адам бар екенін айта кету керек.

Ұзақ өмір сүрушілер саны бойынша екінші орында еліміздің ең ірі қаласы – Алматы. Онда 100 жастан асқан 62 адам тұрады.

Ұзақ өмір сүретіндер саны бойынша үшінші орында Алматы облысы тұр, онда 100 және одан асқан 55 адам тұрады.

Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне Түркістан облысының тұрғындары – 121 жас, Шымкент қаласы – 120 жас, Жамбыл облысы – 119 жас кірді.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button