ЖаңалықРедакция таңдауы

AMANAT партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы күшін жойды

AMANAT партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы күшін жойды. Мұндай шешім бүгін партияның кезектен тыс XXIV съезінде қабылданды.

«Кеше партияның саяси кеңесі отырысында партияның жаңа саяси платформасын мақұлдау және оны партияның съезіне шығару туралы шешім қабылданған болатын. Бұған дейін құжат бастапқы партия ұйымдарында, партияның өңірлік және аумақтық филиалдарының конференцияларында қаралып, толықтай қолдау тапқан еді. Сондықтан бүгінгі сөз сөйлеулерді ескеріп, AMANAT партиясының жаңа саяси платформасын бекіту туралы қаулы қабылдау ұсынылады.

Сонымен қатар, партияның жаңа саяси платформасының қабылдануына орай, партияның 2030 жылға дейінгі саяси платформасы мен бағдарламасын күшін жою ұсынылып отыр», – деді партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов.

Осыдан кейін съезд делегаттары ұсыныстарды қолдап дауыс берді.

Басқа материалдар

Back to top button